Агранулалы эндоплазмалық тор
Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а – жоқ және лат. granulum – дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және ферменттердің көмегімен улы заттарды бейтараптандыруға (бауыр жасушалары — гепатоциттерде) қатысады. Бұлшықет талшықтары мен ет жасушаларының (бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінің, жүрекет ұлпасы кардиомиоциттерінің) агранулалы эндоплазмалық торларында жиырылу қызметін іс жүзіне асыратын ет жіпшелеріне (миофибриллаларына) эсер етіп, олардың жиырылу процесін қамтамасыз ететін кальций элементі қорланады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |