Мазмұнға өту

Агис әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Агис әулетіСпарта патшалары.

Көрнектілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ІІ Агис (б.з.д. 427 не 426 - 402 не 401) – Пелопонес соғысыда (431-401) әскер қолбасшысы болып, Аттикаға басып кіруге басшылық етті.
  • ІІІ Агис (б.з.д. 338-331) – ��лександр Македонскийдің Шығыс жорығы кезінде оған қарсы көтеріліс жасады және парсылардың көмегіне сүйеніп, Крит пен Пелопонестің бір бөлігін өзіне қаратты. Ақырында жеңіліп, майданда қаза болды.
  • ІV Агис (б.з.д. 262-241) – реформатор. Әлеуметтік теңсіздік күшейіп, мемлекет әлсіреген кезде, Спартаның ежелгі құрылысы мен әскери қуатын қалпына келтіру мақсатымен түрлі реформа жүргізуді ұсынды. Қарыздарды жойып, жерді кедейлеге бөліп бермек болды. Этолиялықтарға қарсы жорықтан қайтқан бетіде эфорлар (патшалардың қызметін бақылайтын ежелгі институт) сотқа беріп, дарға асты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998