Ішкі өсу
Ішкі өсу (мүшелерде) (интерстициальный рост); (inter, лат. interstitium — аралық, inter — ішкі, stitium — түзу) — эмбриондық даму кезінде жас шеміршек ұлпасы мен талшықты дәнекер ұлпаларында, ал эмбриондық даму кезеңінен кейін тек шеміршек ұлпаларының қалпына келу процесінде (регенерация) байқалатын құбылыс. Жетілу жатысындағы жас шеміршек хондроциттері митоз жолымен бөлініп, көбейеді де, бір қуыста (лакуп) орналасып, хондроциттердің біртекті (изогенді) топтарын түзеді. Шеміршек жасушалар санының өсуіне байланысты, оның массасы ұлғаяды, яғни ішкі жағынан өседі. Талшыкты дәнекер ұлпасы жасушааралық затының өсуі де ұлпа ішінде жүреді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |