Мазмұнға өту

Мұқан Төлебаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлі��ет
Мұқан Төлебаев
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған кездегі есімі

Мұхаммедсәлім Төлебаев

Туған күні

13 наурыз 1913 (1913-03-13)

Туған жері

Қарашыған шатқалы, Сарқан ауданы, Жетісу облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

2 сәуір 1960 (1960-04-02) (47 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақ КСР, КСРО

Мемлекет

 КСРО
РКФСР (1917-1922)
Ресей империясы (1913-1917)

Мамандықтары

композитор, дирижер, педагог

Жанрлары

опера

Мұқан Төлебаев (13 наурыз 1913(19130313), Қарашыған шатқалы, Сарқан ауданы, Жетісу облысы02 сәуір 1960, Алматы) — қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), бұрынғы ҚР әнұраны авторларының бірі.

  • Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген.
  • Төлебаев орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады.
  • Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1-слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі.
  • Мәскеу консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936).
  • 1941-1945 жж. Е. Брусиловскийден сабақ алған. Ол Е.Брусиловскиймен бірлесіп «Аманкелді» операсын жазған.
  • Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады (1942-1944).
  • Мәскеу консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951).
  • Мұқан Төлебаев соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып 47 жасында дүниеден озған.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақы��дық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық – эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады.

М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокалды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық.

М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады.

Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады.

М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.[1][2]

Қызықты фактілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақстан Республикасы алғашқы әнұраны авторларының бірі.
  • Мұқан Төлебаев - жаңашыл композитор. Ол бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған.
  • М.Төлебаев, А.Жұбанов, Е.Брусиловский, В.Великанов, Л.Хамиди, С.Шабельский, Б.Ерзакович - жетеуі 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағын құрған.
  • «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі бар құнарлы туынды.
  • Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастайды, бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады.
  • КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942);
  • Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948); *Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8