Сарыкөл ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Сарыкөл ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
11 | ||
Кенттік әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
23 | ||
Әкімі |
Амантай Кәкімбекұлы Балғарин | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, №72 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
53°24′36″ с. е. 65°39′36″ ш. б. / 53.41000° с. е. 65.66000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°24′36″ с. е. 65°39′36″ ш. б. / 53.41000° с. е. 65.66000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
6 116 км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
17 488[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
орыстар (42,55%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
10 | ||
Сарыкөл ауданы — Қостанай облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс[3]. 1928 жылы құрылған. Орталығы — Сарыкөл кенті. ��удан аумағы 6 116 шаршы километрді алып жатыр.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батысында Меңдіқара, Алтынсарин, оңтүстігінде Қарасу, солтүстігінде Ұзынкөл, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандарымен шектеседі.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
21903 | ▲28894 | ▲46670 | ▲46733 | ▼39363 | ▼31087 | ▼24785 | ▼19377 |
Тұрғындар саны – 20 553 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 31,19%, орыстар – 40,64%, украиндар – 18,24%, немістер – 2,89%, беларустар – 2,85%, татарлар – 0,75%, молдовандар – 0,47%, башқұрттар – 0,47%, әзербайжандар – 0,45%, поляктар – 0,29%, чуваштар – 0,29%, удмурттар – 0,26%, басқа ұлт өкілдері – 1,21%.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]23 елді мекен 6 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 5 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Барвинов ауылдық әкімдігі | Барвиновка ауылы | 1 | ▼1094 |
Большие Дубравы ауылдық әкімдігі | Большие Дубравы ауылы | 1 | ▼459 |
Веселоподол ауылдық округі | Весёлый Подол ауылы | 2 | ▼780 |
Златоуст ауылдық әкімдігі | Златоуст ауылы | 1 | ▼805 |
Комсомол ауылдық округі | Комсомольское ауылы | 4 | ▼874 |
Маяк ауылдық әкімдігі | Маяк ауылы | 1 | ▼661 |
Сарыкөл кенттік әкімдігі | Сарыкөл кенті | 1 | ▼8738 |
Севастополь ауылдық округі | Севастополь ауылы | 2 | ▼719 |
Сорочин ауылдық округі | Сорочинка ауылы | 5 | ▼1765 |
Тагиль ауылдық округі | Тагильское ауылы | 3 | ▼973 |
Тимирязев ауылдық әкімдігі | Тимирязевка ауылы | 1 | ▼813 |
Урожайный ауылдық әкімдігі | Урожайное ауылы | 1 | ▼375 |
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында 94 пайызын құрайды. Тауар өнімінің негізгі түрі – бидай. Аудында 21 ЖШС, бір өндірістік кооператив және 775 шаруа қожалықтары бар. Ауданда элеваторлар және нан қабылдау пункттері, шұжық цехтары, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу цехтары, макарон және жиһаз жасау цехтары, төрт диірмен бар. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері 1405 кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен ұсынылады.
Әлеуметтік құрылымдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудандық орталық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулаториясы, 18 медпункттері 20 орта, 8 негізгі және 6 бастауыш мектептер, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі, өнер мектебі. Мектептердің оқу жабдықтары қазіргі заман талабына сай. Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде жеті мамандықтар бойынша білім береді. Ауданды�� мәдениет үйінде жас жұбайлар некелерін тіркейді. Балалар бақшаларында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
|
|