Капошвар
Көрініс
Капошвар (маж. Kaposvár) — Мажарстандағы қала. Капош өзенінің бойында орналасқан. Халық саны 67 954 (2005 жылғы халық санағы бойынша). Қала жайындағы алғашқы деректер 1009 жылғы пежштік епископтықтың қағаздарында аталған.
- 15 ғасырда қалада қамал салынды.
- 1555 жылы қамал түріктердің қоластына өтіп, 1686 жылға дейін түрік билігінде болды.
- 1702 жылы I Леопольдтың бұйрығы бойынша қамалдың қабырғалары қиратылды.
- 1749 жылы Капошвар комитатының орталығы болады.
- 19 ғасырда қала арқылы Будапешт-Загреб теміржол торабы өтетін болды.
- 20 ғасырда қаланың құрамына жақын аймақтағы бірнеше ауылдар қосылды.
Қалада 1956 жылғы көтеріліске қатысқан екі саясаткер туған. Олар — Имре Надь және Бела Кирай.
Көрікті орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қалалық ратушаның ғимараты (19 ғ.,)
- Қалалық собор. 18 ғасырда салынып, 19 ғасырда неготика үлгісінде қайта салынады.
- Музей кино.
- Суретші Риппль-Ронаидің мұражайы.
- Қалалық мұражай.
- Васари көрмесі – заманауи венгр суретшілерінің шығармалары көрсетіледі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|