Мазмұнға өту

Жалпақ тұмсықты акула тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Осы кездегі тіршілік ететін бір-ақ түрі бар. Олардың дене тұрқы ұзын болады және 6-7 жұп желбезек саңылаулары бар. Рострумы жоқ, арқа қанаты біреу ғана болады. Жалпақ тұмсықтылар Атлантика мен Тынық мұхиттардың терең жерлерін мекендейді. Кәдімгі акула тұқымдарына 60-қа жуық түрлері жатады. Бұлардың басты өкілдері жерорта теңіздерінің көк акуласы мен кунья акуласы болып есептеледі. Ара тұмсықты акула рострумы ұзын және жалпақ сияқты бұдырлары бар. Теңіз періштесі —акулалар мен скаттардың арасындағы аралық форма болып есептеледі. Денесі жалпақтау, көкірек және құрсақ қанаттары үлкен, құйрық қанаты кішірек болады. Бір ғана түрі Атлантика мен Тынық мұхиттың қоңыржай және тропикалық суларында мекендейді. Тіршіліктің көпшілігін судың түбінде өткізеді деуге болады. Судың беткі және терең қабатын мекендейтін акулалардың барлығы да жақсы жүзеді. Кейбір жерлерде акулаларды балық шегрені деген терісі және құрамында Д витамині болатын майын пайдалану үшін аулайды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2