Мазмұнға өту

Балғабасты акулалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Балға акуласы бетінен бағытталды)
Балға акулалар
немесе
Балғабасты акулалар
Қазбалық ауқымы: Орта миоцен [1]
Scalloped hammerhead
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Шеміршекті балықтар
Кіші табы: Кархаринтәрізділер
Сабы: Carcharhiniformes
Тұқымдасы: Sphyrnidae
T. N. Gill, 1872

Genera

Балға акулалар немесе Балғабасты акулалар (лат. Sphyrnidae) — Шеміршекті балықтар класының Кархаринтәрізділер сабының тұқымдасы. Жұмыр денелі балға акуласын басқа акулалардан айыру оңай. Себебі оның басы – үлкен және бас сүйегі жалпақ.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дене ұзындығы 3,5-4м, салмағы 450 кг дейін, Алып балғабас акула (лат. Sphyrna mokarran) 6 м-ге дейін. Басы жайпақ, екі жақ жанында ірі өсінділері бар, олардың шетінде көздері мен өте үлкен тыныс тесіктері орналасқан. Мұхиттардың тропикалық теңіздерінде 7 түрі таралған. Кәдімгі балғабас акула (лат. Sphyrna zygaena) қоңыржай аймағының сулары мен Жапон теңізінде кездеседі. Тұздылау суларды мекендейді. Тірі туатындары және жұмыртқа салатындары да бар. Қорегі, ірі омыртқасыздар, кальмарлар және балықтар. Кәсіпшілік жануарлары[2]

Көбіне бұл акуланың ақ түсі денесінің төменгі бөлігіне қарай қоңыр сұр түске немесе қою сары түске өзгереді. Күңгірт немесе қара ұшты кеуде жүзбеқанаттары да болады. Тегіс жалпақ басы оған жүзу кезінде тік бұрылыстар жасауға көмектеседі. Басының ортасында демтігі болмайды.

20-40 дейінгі аралықта ұрпақтарын тірідей өмірге әкелетін акула түрі болып саналады. Кішігірім акулалармен және тұтас қанаттылармен, сүйекті балықтармен, асшаяндар және ұлулармен қоректенеді

Барлық жылы суларда кездеседі, бірақ тропикалық суларда сирек кездеседі. 20 метрден терең емес жағалау суларын ұнатады. Қоныс аудару кезінде ашық мұхит бетіне шығып, үлкен топтар құрады. Атлант мұхитының батыс және шығыс бөліктерінде, Үнді мұхитында кездеседі[3].

Eusphyra тегі:

Sphyrna тегі:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Sepkoski, Jack (2002). "A compendium of fossil marine animal genera (Chondrichthyes entry)". Bulletins of American Paleontology 364: 560. http://strata.ummp.lsa.umich.edu/jack/showgenera.php?taxon=575&rank=class. Retrieved 01/09/08. 
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  3. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2
  4. Пятиязычный словарь названий животных. Рыбы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Sphyrnidae