Мазмұнға өту

Жақсы Қайрақты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жақсы Қайрақты өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 25 км
Су алабы Есіл алабы
Су ағысы
Бастауы Подгорное тауы
 • Орналасқан жері 423 м
 • Координаттары 51°52′44″ с. е. 67°29′52″ ш. б. / 51.87889° с. е. 67.49778° ш. б. / 51.87889; 67.49778 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Есіл өзені
 • Координаттары 51°36′28″ с. е. 67°27′41″ ш. б. / 51.60778° с. е. 67.46139° ш. б. / 51.60778; 67.46139 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°36′28″ с. е. 67°27′41″ ш. б. / 51.60778° с. е. 67.46139° ш. б. / 51.60778; 67.46139 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Ақмола облысы Жақсы ауданы

Жақсы ҚайрақтыЕсіл алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақмола облысы Жақсы ауданында орналасқан. Ұзындығы 25 км.

Бастауын Подгорное ауылының солтүстік-шығысындағы Подгорное (423 м) тауының етегіндегі бұлақтардан алады. Запорожье ауылының тұсында Есіл өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арнасы тік жарлы, жағалауы бастауынан сағасына дейін жыралы келген. Оң жайылмасында бірнеше ірілі-ұсақты салалары бар. Ірілері: Аққайрақты, Талсай. Суы егін және түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]