Мазмұнға өту

Румыния Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:35, 2024 ж. шілденің 25 кезіндегі Шешен Исмаил (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Румыния Румыния
Логотип
Конфедерация

УЕФА

Федерация

Румыния футбол федерациясы

Бас бапкері

Космин Контра

Капитаны

Влад Кирикеш

Ең көп
ойын саны

Доринел Мунтяну (134)

Үздік
бомбардир

Адриан Муту, Георге Хаджи (35)

Үй стадионы

Ұлттық стадион

ФИФА рейтингі

45 (+2) (18.07.2024)

ФИФА коды

ROU

Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

 Югославия 1:2 Румыния Румыния
(Белград, Югославия; 8 маусым 1922 жыл)

 Румыния Румыния 9:0 Финляндия Финляндия
(Бухарест, Румыния; 14 қазан 1973 жыл)

 Мажарстан 9:0 Румыния Румыния
(Будапешт, Мажарстан; 6 маусым 1948 жыл)

Румыния Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Румынияның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Румын Футбол Федерациясы.

Әлем чемпионаттарында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашқы матчын 1922 жылы Белградта Югославияға қарсы өткізіп, 2:1 есебімен ұтқан. Әлем чемпионаттарына 7 рет қатысқан: 1930, 1934, 1938, 1970, 1990, 1994, 1998. Ең жоғарғы көрсетікіші 1/4 финал (1994).

1990 жылғы әлем чемпионатында да жақсы ойнады. Топтық турнирді 2:0 есебімен КСРО құрамасын ұтып бастады. Екінші турда Камеруннан 1:2 есебімен ұтылғанымен, үшінші турда Аргентинамен тең ойнап, екінші орынмен 1/8 финалға шықты. Аталмыш кезеңде Ирландия құрамасын кездесіп, матчта есеп ашылмады. Алайда пенальтилер сериясында ирландиялықтар басым болды - 5:4

1994 жылы АҚШ, Колумбия, Швейцария құрамаларымен бір топқа түсті. Алғашқы турда Колумбияны 3:1 есебімен ұтты, матчтың есебін Георг Хаджи керемет голмен ашты. Сол қапталдан тепкен добы доғаша иіліп барып, алыс бұрыштан қақпаға енді (1/8 финалда да Илие Думитреску осыған ұқсас голды Аргентинаға соқты, бірақ Думитреску айып добын орындаған еді).

Екінші турда Швейцариядан ұтылғанымен, соңғы турда АҚШ құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнап, 1/8 финалға шықты. 1/8 финалда Аргентина құрамасын 3:2 есебімен ұтты (айта кетейік, бұл ойында аргентиналықтар Марадона мен Каниджаның көмегін пайдалана алмаған-ды). Ширек финалда Швециямен 120 минут бойы айқасты, матч 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальтилерде Швеция басым болды. Осылайша румындар қатарынан екі әлем чемпионатында пенальтилерден сүрінді.

1998 жылы 1/8 финалда Хорватиядан ұтылды: 0:1. Содан бері әлем чемпионатына қатысқан емес.

Еуропа чемпионаттарында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуропа чемпионаттарында үш рет қатысты. 2000 жылы 1/8 финалға шығып, Италиядан 0:2 есебімен ұтылып қалды. 2008 жылы да Италиямен бір топқа түсті. Бұл жолы 1:1 есебімен тең ойнады, бірақ бәрібір Голландия мен Италиядан соң үшінші орында қала берді. 2016 жылы да үшінші орында қалды (күтпеген жерде соңғы турда 0:1 есебімен Албаниядан ұтылды).

Финалда Іріктеу
Жыл Көрсеткіш Орын О Ж Т Ж СД ЖД Орын О Ж Т Ж СД ЖД
Уругвай 1930 Топтық турнир 8 2 1 0 1 3 5 Іріктеу өтпеді
Италия 1934 1 раунд 12 1 0 0 1 1 2 2/3 2 1 0 1 2 3
Франция 1938 9 2 0 1 1 4 5 Мысырдың орнына қатысты
Бразилия 1950 Қатыспады
Швейцария 1954 Өте алмады 2/3 4 2 0 2 5 5
Швеция 1958 2/3 4 2 1 1 6 4
Чили 1962 Бас тартты
Англия 1966 3/4 6 3 0 3 9 7
Мексика 1970 Топтық турнир 11 3 1 0 2 4 5 1/4 6 3 2 1 7 6
Германия 1974 Өте алмады 2/4 6 4 1 1 17 4
Аргентина 1978 2/4 4 2 0 2 7 8
Испания 1982 3/5 8 2 4 2 5 5
Мексика 1986 3/5 8 3 3 2 12 7
Италия 1990 1/8 финал 12 4 1 2(1) 1 4 3 1/4 6 4 1 1 10 5
АҚШ 1994 1/4 финал 6 5 3 1 1 10 9 1/6 10 7 1 2 29 12
Франция 1998 1/8 финал 11 4 2 1 1 4 3 1/6 10 9 1 0 37 4
Оңтүстік Корея Жапония 2002 Өте алмады 2/5 10 5 2 3 12 10
Германия 2006 3/7 12 8 1 3 20 10
Оңтүстік Африка Республикасы 2010 5/6 10 3 3 4 12 18
Бразилия 2014 2/6 12 6 2 4 21 16
Ресей 2018 3/6 10 3 4 3 12 10
Бары 21 8 5 8 30 32 Бары 128 67 26 35 223 134

Үздік ойыншылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2016 жыл, 16 маусымдағы жағдай

Көп ойын өткізгендер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Позиция Ойыншы Матч ЖЖ
1 Доринел Мунтяну 134 1991—2007
2 Георге Хаджи 125 1983—2000
3 Георге Попеску 115 1988—2003
4 Рэзван Рац 113 2002—2016
5 Ласло Бёлёни 102 1975—1988
6 Дан Петреску 95 1989—2000
7 Богдан Стеля 91 1988—2005
8 Михаэль Кляйн 89 1981—1991
9 Богдан Лобонц 85 1998—2014
10 Мариус Лэкэтуш 83 1984—1998
Мирча Редник 83 1981—1991

'Мергендер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Позиция Ойыншы Гол ЖЖ
1 Георге Хаджи 35 1983—2000
Адриан Муту 35 2000—2013
3 Юлиу Бодола 30 1931—1939
4 Чиприан Марика 25 2003—
Виорел Молдован 25 1993—2005
6 Ласло Бёлёни 23 1975—1988
7 Родион Кэмэтару 21 1978—1990
Дуду Джорджеску 21 1973—1984
Ангел Йордэнеску 21 1971—1981
Флорин Рэдучою 21 1990—1996