Мазмұнға өту

Павлодарлықтар – Социалистік Еңбек Ерлері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
01:58, 2024 ж. сәуірдің 23 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (BekzatAydinuly (т) өңдемелерінен InternetArchiveBot соңғы нұсқасына қайтарды)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

ПАВЛОДАРЛЫҚТАР — Социалистік еңбек ері — Өнеркәсіп салалары, көлік, ауылшаруашылық пен мәдениет өкілдері, республика мен облысың шаруашылық пен мәдениет саласында жоғары көрсеткіш көрсеткен, Ленин Ордені мен «Орақ пен Балға» Алтын медалін алған үздіктер. Павлодар мен облыста осы жоғары мәртебеге 69 адам ие болды, оның ішінде 34 адам облыста туған.

Осы мәртебеге ие болғандар ауыл шаруашылық жұмыскерлері, соғыстан кейінгі 4 бес жылдықтың ерлері (1946-50):

  • 1948 — С. Әбішев (шопан, Баянауыл ауданы), Ж. Әбілқайыров (жылқышы, Тереңкөл ауданы), Н. Әлжанов (жылқышы, Тереңкөл ауданы.), Қ. Жінгілбаев (колхох төрағасы, Баянауыл ауданы), М. Жүсіпов (жылқышы, Баянауыл ауданы), Т.И. Кирпиченко (диханшы, Павлодар ауданы), Е. Қонақов (жылқышы, Баянауыл ауданы), Е.Я. Пожарская (бұзаушы, Павлодар ауданы), М.И. Рудько (диханшы, Успен ауданы);
  • 1949 — Е. В. Дроздов (қойшы, Шарбақты ауданы), Қ. Ермағамбетов (жылқышы, Павлодар ауданы), П. Л. Кравец (ферма басқармасы, Ертіс ауданы), М. Шажанқанов (жылқышы, Ертіс ауд), П. А. Шмидт (бригадир, Шарбақты ауданы);

'Тың жерлерді игеру кезеңінде еңбек ерлерінің екінші тобы пайда болды:

Павлодар-Екібастұз өнеркәсіп айма,ы мен ауылшаруашылықтың даму барысында еңбек ерлірінің үшінші тобы пайда болды:

Павлодар облысында туғандардың ішінде мәртебені Қазақстанның өзге облыстарында алған Социлалистік Еңбек Ерлері де бар:

  1. Айдарханов Б. Аққулы ауданының тумасы (Қарағанды облысы, 1961);
  2. Баймурзинов К. Г. Ақсу ауданының тумасы (Қарағанды, 1961);
  3. Беисов Ж. Ақтоғай ауданының тумасы (Балқаш қ., 1960);
  4. Корабицын И. В. Железинка ауданының тумасы (Семей қаласы, 1966);
  5. Нуртазина Р. Б. Павлодар ауданының тумасы (Алматы қ., 1968);
  6. Омаров К. Баянауыл ауданының тумасы (Қарағанды, 1966);
  7. Баймурзинов Х. Г. Май ауданының тумасы (Теміртау қаласы, 1966);
  8. Сагинов А. Баянауылдың тумасы (Қарағанды, 1971);
  9. Шегебаев Б. Баянаулыл ауданының тумасы (Қарағанды облысы, 1948);
  10. Яненко И. Г. Тереңкөл ауданының тумасы (Солтүстік-Қазақстан облысы, 1966).

Біздің облыспен облыс тарихына елеулі үлес қосқан Социалистік Еңбек Ерлерінің есімдері байланысты. Оның ішінде:

  1. Бердыгулов Н. —Баянаулыл ауданында 1936-45 ж.ж. (1948),
  2. Жалдыба А. А. — 1961 жылдан Май ауданында (1949),
  3. Инюшин М. В. — Ертіс-Қарағанды каналының құрылыснда 1961-65ж.ж. (1958),
  4. Клешня М. А. —Павлодар облысында 1914-42 ж.ж. (1957),
  5. Мырзашев Р. М. — Павлодар облисполкомның төрағасы 1982 −87 ж.ж.(1972),
  6. Сергазин Ш. — Павлодарда «Білім» қала ұймында 1949 — 53 ж.ж.(1957);
  7. Шулепова М. Я. — Тереңкөл ауданының орманшысы 1963 — 70 ж.ж. (1948);
  8. Энгель А. Н. — Ақтоғай ауданында бас инженер 1962 — 86 (1957).[1].
  1. Павлодар облысының мұрағаттық қызметі. Айтулы даталар күнтізбесі (қолжетпейтін сілтеме)
  1. Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарскаое Прииртышье)