Үлкен Сарыоба
Көрініс
Үлкен Сарыоба | |
Морфометрия | |
---|---|
Өлшемі | 6,2 × 3,6 км |
Ауданы | 15,17 км² |
Орташа тереңдігі | 2,1 м |
Орналасуы | |
51°10′15″ с. е. 72°05′32″ ш. б. / 51.17083° с. е. 72.09222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°10′15″ с. е. 72°05′32″ ш. б. / 51.17083° с. е. 72.09222° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы |
Аудан | Аршалы ауданы |
Үлкен Сарыоба — Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақмола облысы Аршалы ауданында, Сарыоба елді мекенінен батысқа қарай 5 км жерде орналасқан.
Аумағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданы 15,17 км2, ұзындығы 6,2 км, енді жері 3,6 км. Орташа тереңдігі 2,1 м.
Жер бедері мен гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көл төбелер аралығындағы қазаншұңқырлы ойыста жатыр. 20 ғасырдың орта шенінде Кіші Сарыоба көліне қосылып жатқан. Көлге көктемде бірнеше кішігірім өзен құяды. Жағасы тік жарлы, биіктігі 3-4 м. Көл айдыны таза, тек жағасынан 100-50 м қашықтықта су асты өсімдіктері кездеседі. Көктемде деңгейі көтеріліп, орта сулы жылдары 0,4-0,5 метрге, суы мол жылдары 1,0-1,2 метрге жетеді. Мұз қалыңдығы әдетте 0,7-0,8 м, қатаң қыстарда 1,0 м-ге жетеді. Суының минералдылығы жоғары. Ауыз суына жарамайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том