Мазмұнға өту

Итемген

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Итемген
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі294,6 м
Өлшемі11,5 × 7,4 км
Ауданы57,4 км²
Көлемі57 млн. км³
Жағалау сызығының ұзындығы40,3 км
Тереңдігі3,5 м
Орташа тереңдігі1 м
Су алабы
Суды жинау ауданы1150 км²
Құятын өзенАқсуат
Орналасуы
52°21′39″ с. е. 71°06′18″ ш. б. / 52.36083° с. е. 71.10500° ш. б. / 52.36083; 71.10500 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°21′39″ с. е. 71°06′18″ ш. б. / 52.36083° с. е. 71.10500° ш. б. / 52.36083; 71.10500 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданАқкөл ауданы
Итемген (Қазақстан)
Итемген
Итемген (Ақмола облысы)
Итемген

ИтемгенАқмола облысы Ақкөл ауданындағы тұйық көл. Теңіз деңгейінен 294,6 метр биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумағы 57,4 км2, ұзындығы 11,5 км, енді жері 7,4 км. Жағасының ұзындығы 40,3 км, орташа тереңділігі 1 м (ең терең жері 3,5 м). Су көлемі 57 млн. м3, су жиналатын алабы 1150 км2. Түбі тегіс, тұнба, лайлы. Оңтүстік жағасы жайпақ, батысы тік жарлы келген. Көлге Ақсуат өзені кұяды. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Жоғары деңгейі сәуірде, төменгісі қыркүйек айында байқалады. Қуаң (19311933, 1940, т.б.) жылдары тартылып та қалған. Кейін шарасы қайта суға толған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том