Ұлыбритания туы

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығының мемлекеттік туы (ағылш. National flag of the United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Ұлыбританияның де-факто мемлекеттік туы.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің туы
Мемлекет

 Ұлыбритания

Қабылданған

1 қаңтар 1801

Қолдануы

Мемлекеттік ту

Пропорция

1:2

Дизайны

Көгілдір өрістегі ақ фимбриялы симметриялы қызыл крест, қызыл және ақ түсті ақ фимбриялы қарсы алмасатын Андрей кресті бар.

Пропорция

3:5

Ортаққордың логотипі Ортаққордағы медиафайлдар

Union Jack дизайны Ұлыбритания және Ирландия біріккен патшалығын құру үшін Ұлыбритания Патшалығы мен Ирландия Патшалығын біріктірген 1801 жылғы Одақ актісінен басталады. Ту ақ түспен жиектелген әулие Георгийдың (Англияның да, Уэльстің де символы болады) қызыл крестінен, ақ түспен жиектелген әулие Патриктің (Ирландия символы) қызыл крестінен және көк түстес әулие Андрейдің крестінен (Шотландия символы) құрады. Уэльстің символы болған әулие Давид Одақ байрағында жоқ, Юнион Джәктің жасалған кезінде Уэльс Англия Патшалығының бөлігі болған еді.

Байрақтың өзге ресми атаулары:[1] Юнион Джәк (ағылш. Union Jack, Одақтық гюйс) және Юнион Фыләг (ағылш. Union Flag, Одақтық байрақ).



«Юнион Джектің» шығу тарихы

Тарихы

өңдеу
 
Желбіреген Ұлыбритания байрағы

Әулие Георгий мен Андрей кресттері

өңдеу
 
1606 жылғы 12 сәуірде бекітілген ту
 
1606 жылғы тудың шотландиялық нұсқасы, 1606—1707

Ұлыбритания туы өз бастауын 1603 жылы алған, ол кезде Шотландия патшасы VI Джеймс Англия тағына ие болып, I Джеймс есімін алды да, ағылшын патшасы болды. Англия мен Шотландия арасындағы одақ дербес уния болды, елдер тәуелсіз болып қала берген. 1606 жылғы 12 сәуірде мемлекеттер одағының туы бекітілді: оның дизайнын жасау үшін Әулие Андрей туы (көк ту үстіндегі қисық ақ крест) үстіне Әулие Георгий туы (қызыл крест) қойылды.

Бастапқыда туды тек теңізде екі елдің әскери және сауда кемелері пайдаланды. 1634 жылы 5 мамырда оны тек әскери кемелерге гюйс ретінде пайдалануға бұйрық берілді. Сондықтан оның жалпы атауы «Union Jack» (сөзбе-сөз аударғанда Одақтық гюйс, ағылш. jack — кеме тұмсығындағы ту), не «Union Flag» (Одақ байрағы) болды. Сауда кемелеріне Әулие Георгий (англиялық), не Әулие Андрей (шотландиялық) жалауларын көтеру талап етілді. Құрлық әскерлері өз елдер туларын пайдалана берді. Шотландияда тудың өзге, ұлттық нұсқасы біршама кең таралған, онда Әулие Андрейдің ақ кресті қызыл ағылшын крестінің үстінде салынатын.[2]

Ағылшын достастығы заманындағы ту нұсқалары

өңдеу
 
Англия достастығының тұңғыш байрағы, 1649—1651
 
Англия достастығының екінші байрағы, Кромвель протекторатының тұңғыш туы
 
Оливер Кромвельдің жеке жалауы
 
Кромвель өлімінен кейін қолданылған Достастықтың туы
 
Ұлыбритания Патшалығының мемлекеттік туы, 1707—1800

1649 жылы ағылшын монархиясы ыдырады, I Чарльз Стюарт өлтірілді, Англия республика болды да, отарларымен бірге Англия достастығына айналды. 1649 жылдың соңына қарай достастықтың құрамына Ирландия қосылды, 1649–1651 жылдары аралығында жаңа құрылған одақтың байрағы қолданылды: дизайны сол жақта Англия туынан және оң жақта көк фонға салынған ирланд алтын арфасынан құрылған еді. 1651 жылы Азаматтық соғыста жеңіске жеткен Оливер Кромвель өз мемлекетінің құрамына Шотландияны да кіргізді. Жоқ болған монархиямен болған байланысынан жаңа билік 1606 жылғы туды ресми символдар қатарынан алып тастады, қолдануға тыйым салынды, орнына флот Англия туын қолданатын болды. 1651 жылы Англия достастығы диагональмен қойылған екі Англия туы мен екі Шотландия туынан тұратын жаңа жалау қолданып кетті. 1653 жылы Англия, Шотландия және Ирландия достастығының Конституциясына өзгерістер енгізілді, лорд-протектор лауазымы құрылды да, оған Оливер Кромвель тағайындалды. 1653—1659 жылдары ортасында лорд-протектор Кромвельдің жеке елтаңбасы қойылған, астында диагональмен екі Англи�� туы, Ирландия мен Шотландия тулары салынған жаңа нұсқа қолданысқа енді. 1658 жылы Кромвель қайтыс болды, Юнион Джәк қайта ресмиленді де, ортасына Ирландияның символы қойылды. 1660 жылы монархия қайта құрылды, Ирландия арфасы жоқ Юнион Джәк мемлекеттік ту болды, дербес уния режимі оралды.

1707 жылғы Уния туралы акттің қабылдануынан кейін екі патшалық Біріккен Патшалыққа айналды, Юнион Джек қолданысқа оралды.

Әулие Патрик кресті

өңдеу

1801 жылғы 1 қаңтарда қабылданған уния туралы акт нәтижесінде Ұлыбритания мен Ирландия бір мемлекет болып, Ұлыбритания және Ирландия біріккен патшалығына айналды. Бұрын қолданыста болған Юнион Джек дизайнына Ирландия символы болған Әулие Патрик кресті (қисық қызыл крест) қосылды. Байрақтың бұл дизайны қазір күннің өзінде де қолданыста, алайда Шотландия туының көк түсі Юнион Джәктегіне қарағанда ашықтау болып өзгерді. Уэльсте мемлекеттік ту дизайнына уэльстік айдаһарды қосу ұсыныстары жиі айтылады, себебі ретінде елдің жеткілікті назар алмайтыны айтылады.

Қолданысы

өңдеу

Ұлыбританияда Юнион Джәкті кез келген адам, не ұйым өзі таңдаған кез келген күні ұша алады.[3][4]

Аздап түсіру

өңдеу

Ұлыбритания мемлекеттік байрағы төменде көрсетілген жағдайларда аздап түсіріледі:[5]

Байрақтың аздап түсірілуінің басқа жағдайларын монархтың өзі жариялайды.

Құрылыс парағы

өңдеу
3:5 ratio
1:2 ratio

Дереккөздер

өңдеу
  1. Union Jack or Union Flag?  (ағыл.). Байрақ институты. Тексерілді, 9 желтоқсан 2023.
  2. United Kingdom - History of the Flag: Part 1  (ағыл.). Тексерілді, 9 желтоқсан 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  3. Flying the Flag on UK Government Buildings  (ағыл.). Мәдениет, медиа және спорт департаменті. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  4. When can I fly the Union Flag? & Do I need planning permission? / Frequently Asked Questions  (ағыл.). Мәдениет, медиа және спорт департаменті. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  5. FAQ  (ағыл.). Мәдениет, медиа және спорт департаменті. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында