ҚорғасІле алабындағы өзен. Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара бойында орналасқан.

Қорғас өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 176 км
Су алабының
ауданы
1310 км²
Су алабы Іле өзені
Су ағысы
Бастауы Бежінтау жотасының оңтүстік-шығысындағы Қорғас тауының (Қытайда) солтүстік баурайы
 • Координаттары 44°42′26″ с. е. 80°12′27″ ш. б. / 44.70722° с. е. 80.20750° ш. б. / 44.70722; 80.20750 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Іле
 • Координаттары 43°49′25″ с. е. 80°31′19″ ш. б. / 43.82361° с. е. 80.52194° ш. б. / 43.82361; 80.52194 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°49′25″ с. е. 80°31′19″ ш. б. / 43.82361° с. е. 80.52194° ш. б. / 43.82361; 80.52194 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан (Жетісу облысының Панфилов ауданы), Қытай

Географиялық орны

өңдеу

Жетісу облысының Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 176 км, су жиналатын алабы 1310 км2. Жалпы ұзындығы 270 км-ден асатын 170-тен астам салалары бар. Қазақстандағы ең ірі салалары: Күзембайсай, Нанзышоқы (Қарасу), Шұқырбұлақ, Желдісай, т.б.

Бастауы

өңдеу

Бастауын Бежінтау жотасының оңтүстік-шығысындағы Қорғас тауының (Қытайда) солтүстік баурайынан алып, Іле өзенінің оң жағынан құяды.

Гидрологиясы

өңдеу

Жоғарғы ағысы тар шатқалмен ағып, Басқұншы ауылы тұсында таудан шығып, ағысы баяулайды, аңғары кеңейеді. Көп жылдық орташа су ағымы Алмалы өзені сағасынан төменде 16,5 м3/с. Басқұншы, Алмалы ауылдары тұсынан бірнеше каналдар (Бозарық, т.б.) тартылған. 20-ға жуық шағын салалары бар. Жағалауы мал жайылымы.[1][2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5