Хельсинки
Хельсинки (фин. Helsinki, швед. Helsingfors ) — Финляндияның астанасы және ірі қаласы. Уусимаа провинциясының әкімшілік астанасы. Елдің оңтүстік аймағында, Балтық теңізіндегі Фин шығанағының жағалауында орналасқан. Халық саны — 681 802[3].
Қала | |||
Хельсинки | |||
фин. Helsinki швед. Helsingfors | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Статусы |
Астана | ||
Провинция | |||
Аймағы | |||
Қала басшысы |
Ян Вапаавуори | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
60°10′24″ с. е. 24°56′55″ ш. б. / 60.17333° с. е. 24.94861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 60°10′24″ с. е. 24°56′55″ ш. б. / 60.17333° с. е. 24.94861° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1550 | ||
Бұрынғы атаулары |
Гельсингфорс | ||
Жер аумағы |
715,48[1] км² | ||
Орталығының биiктігі |
17 м | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
▲ 681 802[2]. адам (2024) | ||
Тығыздығы |
899 адам/км² | ||
Агломерация |
1 299 541 | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
(+358) 9 | ||
hel.fi | |||
Хельсинки шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Хельсинки |
Хельсинки әлемдегі ең жоғары қалалық өмір сүру стандарттарының бірімен ерекшеленеді. 2011 жылы британ журналы Monocle нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік 25 қалалары ішінде Хельсинки алғашқы орын алған (екінші орында — Цюрих, үшіншісі — Копенгаген)[4]. Сол 2011 жылы Mercer халықаралық консалтинг компаниясы жариялағаны бойынша әлемнің қауіпсіз қалалар тізімі бойынша Хельсинки Цюрих пен Берн қалаларымен бірге 2—4 орын алған (бірінші орында — Люксембург)[5][6]. 2012 жыл басында The New York Times газетінде жыл сайынғы әлемдегі бару керек жерлер тізіміне Хельсинкиге екінші орын берген (бірінші орынға — Панама, үшіншісі — Мьянма)[7][8]. 2013 жылы ECA International консалтинг агенттігінің есептеуі бойынша Хельсинки әлемдегі ең қымбар қалалар тізімінде жиырмасыншы орын алған (біріншісі — Осло)[9], ал Financial Times халықаралық іскерлік газеті Финляндия астанасының бірнеше ауданын жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға ең қолайлы орындар ретінде көрсетті[10]. Хельсинки, Лапландиядағы Рованиеми қаласымен бірге, Финляндияның ең маңызды туристік қалаларының бірі болып табылады.[11] Теңіз жолаушыларының көптігіне байланысты Хельсинки ірі порт қаласы ретінде белгілі[12], ал 2017 жылы әлемдегі ең көп жолаушыларды қабылдайтын порт ретінде танылды.[13]
Хельсинки 1952 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын, 1975 жылы алғашқы ЕҚЫК/ЕҚЫҰ саммитін, 1983 жылы алғашқы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын, 2007 жылы 52-ші Евровидение ән байқауын өткізді, сондай-ақ 2012 жылы Әлемдік дизайн астанасы болды.[14]
Хельсинки — екі тілде қызмет көрсететін муниципалитет, ресми тілдері — фин және швед. Халықтың 75%-ы фин тілінде, 5%-ы швед тілінде сөйлейді, ал қалған 20%-ы басқа тілдерде сөйлейді (бұл елдегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда жоғары).
Қала күні жыл сайын 12 маусымда атап өтіледі[15].
Этимология
өңдеуФинляндияның ресми мемлекеттік құжаттары мен фин тіліндегі газеттер «Хельсинки» атауын 1819 жылдан бері қолданады, сол кезде Финляндияның Сенаты қалаға бұрынғы астанасы Туркудан көшті. Хельсинкиде шыққан жарлықтар Хельсинкины шығару орны ретінде көрсетті. Осылайша «Хельсинки» жазбаша фин тілінде қолданыла бастады.[16] Финляндия Ұлы Герцогтігіне айналғанда, яғни Ресей империясының билігіне тәуелді автономды мемлекет болғанда, Хельсинки орыс тілінде «Gel'singfors» (Гельсингфорс) деп аталды, өйткені Ұлы Герцогтіктің негізгі және ресми тілі швед тілі болды.
Хельсинки сленгінде қаланы «Стади» (швед тіліндегі «stad» сөзінен, «қала» дегенді білдіреді) деп атайды. «Хеса» қысқартылған формасы да кең таралған, бірақ оның қолданылуы ауылдан шыққан адамдармен ("junantuomat", яғни "поезбен жеткізілгендер") байланысты және жергілікті тұрғындар тарапынан теріс қабылданады.[17] «Хелсет» — Хельсинкидің Солтүстік Сами тіліндегі атауы.[18]
Тарихы
өңдеуШвед билігі
өңдеу1550 жылы 12 маусымда швед королі Густавом Васа қаланың негізін қалаған, ол бойынша корольдің бұйрығымен Порвоо қаласының бірнеше жүздеген тұрғыны қазіргі Арабия қалалық ауданында қоныстанған. Бұйрыққа қол қойылған күн қаланың туған күні болып есептеледі.
Алайда бұл орын сәтсіз таңдалып, порт тым таяз болғандықтан, қала қазіргі Базар алаңының (Кауппатори) ауданына көшірілді. Осылайша екі елді мекен: Гельсингфорс және Гаммельстадт (Гаммельстаден), тура аудармасы «ескі қала», пайда болды; бірақ уақыт өте келе олар қайтадан бір қалаға бірікті.
XVIII ғасырдың ортасына дейін Гельсингфорс кішігірім, толықтай ағаштан салынған қала болып қала берді, және мұнда жиі оба індеттері орын алған.
1748 жылы Гельсингфорстың маңындағы аралдарда шведтер қаланы теңізден қорғау мақсатында Свеаборг бекінісін сала бастады. Нәтижесінде қала өсе бастады; алғашқы тас үйлер пайда болды. Алайда, швед Финляндиясының астанасы әлі де Або қаласы болып қалды.
Қала Ресей империясы әскерлерімен төрт рет басып алынды — екі рет Ұлы Солтүстік соғысы кезінде 1713 жылдың мамыры мен шілдесінде; 1742 жылы 24 тамызда орыс-швед соғысы кезінде; 1808 жылы 18 ақпанда орыс-швед соғысы барысында.[19].
Ұлы Финляндия княздігі
өңдеу1809 жылы [[Фридрихсгам бейбіт келісімі[[ бойынша Финляндия Ресей империясының құрамына автономды Ұлы Финляндия княздігі ретінде өтті. Үш жыл өткен соң, 1812 жылдың 12 сәуірінде, император I Александр астананы шығысқа қарай орналасқан Гельсингфорсқа көшірді.
Осыдан кейін қайта құру комитеті құрылып, оны әскери инженер Юхан Альбрехт Эренстрём басқарды. 1816 жылы Ұлы князьдіктің астанасы архитекторлығына Ревельде өз қабілетін дәлелдеген неміс сәулетшісі Карл Людвиг Энгель тағайындалды, ол Ресейге 1809 жылы шақырылған болатын.[20] Осы кезден бастап қаланың жүйелі түрде қарқынды құрылысы басталды.
Финляндия астанасына Або (Турку) қаласынан университет көшірілді, оның ғимаратын Энгель жобалады. Энгель сондай-ақ Присутственных мест ғимаратын (қазіргі президент сарайы) және Сенатинтори (Сенат алаңы) ансамблін құрайтын Әулие Николай Соборын салды. Гельсингфорс пен Санкт-Петербургтың құрылысындағы сәулеттік-композициялық ұқсастықты сол кездегі көптеген шетелдік сәулетшілердің XIX ғасырдың басындағы классицизм мен орыс ампирінің Петербургта жүзеге асқан үздік үлгілеріне бағыт алғандығымен түсіндіруге болады. Жұмыстардың барысын І Александр және оның інісі I Николай жеке бақылаған.
Қырым соғысы жылдарында қала ағылшын-француз эскадрасының атқылауына ұшырады, алайда бұл шабуыл қалаға айтарлықтай залал келт��рген жоқ.
1860 жылдары Финляндияның алғашқы теміржолы қаланы Рийхимяки және Тамперемен байланыстырды. Өнеркәсіп қарқынды дамыды. 1870 жылы теміржол желісі Хельсинкиді Санкт-Петербургпен қосты.
Тәуелсіз Финляндия астанасы
өңдеуТәуелсіздік жарияланғаннан кейін Финляндиядағы азаматтық соғыс кезінде қала біраз уақыт финдік қызыл армия бөлімшелерінің қол астында болды. Алайда қызыл финдер тылының неміс десанты шабуылына ұшырауынан кейін қала фин парламентінің бақылауына өтті және қысқа уақытқа қуыршақ «Финляндия Корольдігінің» астанасы атанды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіз Финляндияның астанасы болды.
1918 жылғы Финляндиядағы азаматтық соғыстан кейін қала қарқынды дамуын жалғастырды. Қаланың аумағы айтарлықтай кеңейіп, жаңа тұрғын аудандар бой көтерді. Кең танымалдылыққа ие болған мысалы ретінде, Эспоо қаласына әкімшілік жағынан бағынышты Тапиола «бақ-қала» ауданы (фин. Tapiola, швед. Hagalund) аталады.
1939 жылдың 30 қарашасында КСРО Хельсинкиге ФАБ-500 және ФАБ-250 бомбаларымен, сондай-ақ РРАБ-2 кассеталық бомбаларымен әуе шабуылдарын бастады. Үш бомбалау шабуылдарының нәтижесінде 2000 ғимарат қирап, 900-ден астам адам қаза тапты, 500-ден астамы ауыр жарақат алды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Хельсинки 39 рет бомбалауға ұшырады.
1952 жылы қала XV жазғы Олимпиада ойындарын қабылдады.[21]
2007 жылы қалада жыл сайынғы «Евровидение» ән байқауы өткізілді.[22]
Географиясы
өңдеуЖер бедері
өңдеуҚала жартасты жерде орналасқан. Қаланың тарихи орталығы жағалауы қатты тілімденген түбекте орналасқан. Қаладағы биіктік айырмашылықтары айтарлықтай, ал жартастар – көріністің үйреншікті бөлігі. Қала аумағындағы өзендерде сарқырамалар бар.
Климат
өңдеуХельсинки климаты қоңыржай, континенттік және теңіздік климат арасындағы өтпелі. Қыс ұзақ және қарлы, бірақ қатты суық емес, жаз салқын. Көктем мен күз ұзақ әрі салқын. Қатты аяздар сирек кездеседі, ал жазда 30 °C-тан жоғары ыстық жыл сайын бола бермейді. Жауын-шашынның ең көп мөлшері жаздың соңында және бүкіл күз мезгілінде байқалады.
Хельсинки ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Абсолюттық максимум, °C | 8,5 | 10,3 | 16,2 | 21,9 | 28,2 | 31,4 | 33,7 | 31,5 | 26,2 | 18,2 | 13,0 | 10,8 | 33,7 |
Орташа максимум, °C | −1,7 | −2,2 | 1,5 | 8,0 | 14,8 | 18,8 | 21,9 | 20,0 | 14,7 | 8,8 | 3,3 | 0,1 | 9,0 |
Орташа температура, °C | −5 | −5,7 | −1,9 | 4,1 | 10,4 | 14,6 | 17,6 | 15,8 | 10,7 | 5,6 | 0,4 | −3,2 | 5,3 |
Орташа минимум, °C | −7 | −7,9 | −4,5 | 0,5 | 6,0 | 10,6 | 13,9 | 12,7 | 8,3 | 3,8 | −1 | −5 | 2,5 |
Абсолюттық минимум, °C | −34,4 | −33 | −31,3 | −19,8 | −7 | −0,5 | 4,9 | 2,1 | −4,5 | −14,5 | −25,5 | −35 | −35 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 53 | 37 | 36 | 32 | 37 | 61 | 66 | 78 | 63 | 82 | 72 | 57 | 676 |
Су температурасы, °C | 2 | 1 | 1 | 2 | 5 | 9 | 15 | 17 | 14 | 10 | 7 | 3 | 7 |
Дерекнама: Климат және ауа-райы, World Climate Guide |
Жұрты
өңдеуЭкономикасы
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ 1 қаңтар 2014 жыл бойынша коммуналар ауданы (фин.).(қолжетпейтін сілтеме), (швед.)
- ↑ Finland's preliminary population figure was 5,625,011 at the end of August 2024 // Statistics Finland. — 24 қыркүйек 2024. (ағыл.) (Тексерілді 28 қазанның 2024)
- ↑ Finland's preliminary population figure was 5,625,011 at the end of August 2024 // Statistics Finland. — 24 қыркүйек 2024. (ағыл.) (Тексерілді 28 қазанның 2024)
- ↑ Британский журнал «Monocle» назвал Хельсинки лучшим городом мира Мұрағатталған 5 шілденің 2013 жылы. // Агентство Finnfacts. — 14 маусым 2011. (Тексерілді 16 маусымның 2011)
- ↑ Хельсинки признан одним из самых безопасных городов мира // Телерадиокомпания сайты Yleisradio Oy. Жаңалықтар қызметі Yle. — 29 қараша 2011. (Тексерілді 1 желтоқсанның 2011)
- ↑ 2011 Quality of Living worldwide city rankings — Mercer survey // Mercer. — 29 қараша 2011. (ағыл.) (Тексерілді 1 желтоқсанның 2011)
- ↑ The 45 Places to Go in 2012 // The New York Times — 6 қаңтар 2012. (ағыл.) (Тексерілді 10 қаңтардың 2012)
- ↑ The New York Times: Хельсинки – второй по привлекательности для туристов город в мире // Телерадиокомпания сайты Yleisradio Oy. Жаңалықтар қызметі Yle. — 7 қаңтар 2012. (Тексерілді 10 қаңтардың 2012)
- ↑ Хельсинки - 20-й в мире по уровню цен // Телерадиокомпания сайты Yleisradio Oy. Жаңалықтар қызметі Yle. — 8 маусым 2013. (Тексерілді 8 маусымның 2015)
- ↑ Financial Times восхваляет Хельсинки // Телерадиокомпания сайты Yleisradio Oy. Жаңалықтар қызметі Yle. — 27 қазан 2013. (Тексерілді 28 қазанның 2013)
- ↑ Lapin Kansa: Rovaniemen ja Helsingin johtajat saivat ministeriltä tehtävän miettiä, miten matkailu nousee korona-ajan mentyä ohi – Rahaa on luvassa EU:n elpymispaketista (in Finnish)
- ↑ Roberts, Toby; Williams, Ian; Preston, John (2021). "The Southampton system: A new universal standard approach for port-city classification". Maritime Policy & Management 48 (4): 530–542. doi:10.1080/03088839.2020.1802785.
- ↑ Helsinki becomes world's busiest passenger port.
- ↑ Past capital: Helsinki. Worlddesigncapital.com.
- ↑ Helsinki Day – the City of Helsinki's birthday // History Helsinki. — 12 қаңтар 2024. (ағыл.) (Тексерілді 28 қазанның 2024)
- ↑ Jäppinen, Jere (15 November 2011). "Mistä Helsingin nimi on peräisin?". Helsingin Sanomat: D2. http://www.hs.fi/paivanlehti/arkisto/Mist%C3%A4+Helsingin+nimi+on+per%C3%A4isin/aaHS20111115SI1AT02exp?src=haku&ref=arkisto%2F. Retrieved 29 November 2013.
- ↑ Ristkari, Maiju: Heinäsorsat Helsingissä. Aku Ankka #44/2013, introduction on page 2.
- ↑ Sami Grammar.
- ↑ Гельсингфорс // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.) — СПб., 1890—1907.
- ↑ Энгель, Карл-Лудвиг // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.) — СПб., 1890—1907.
- ↑ Helsinki 2007. The Eurovision Song Contest (ағыл.) (2007). Тексерілді, 30 қазан 2024.
- ↑ Olympic Games Helsinki 1952 (ағыл.). Тексерілді, 30 қазан 2024.
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |