Кеңес-Фин соғысы

Кеңес-Фин соғысыКСРО мен Финляндия арасында 1939 жылы 30 қараша – 1940 жылы 12 наурыз аралығында болған соғыс. 1939 жылғы кеңес-герман келісімшартына сүйенген Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград қаласының кауіпсіздігі үшін Карель мойнағын КСРО-ға беріп, оның есебіне Карелиядан жер алуды талап етті. Финляндия үкіметі ол талапты орындамағандықтан Қызыл Армия 1939 ж. 30 қараша күні шабуылға шықты. Финляндия Кеңес Одағы тарапынан болуы мүмкін шабуылдан қорғану үшін “Маннергейм шебін” тұрғызған болатын (1927 – 30). Бұл қорғаныс шебін Қызыл Армия үлкен шығынмен 1940 ж. ақпан – наурызда бұзып өтті. Аса үлкен шығындарына қарамастан кеңес әскерлері шабуылды жалғастыра берді. Халқы аз Финляндияның оған төтеп беруге шамасы келмеді. Батыс елдері Германиямен соғыс жағдайында болғандықтан Финляндия үкіметіне ешқандай көмек бере алмады. 1940 ж. 12 наурызда М��скеуде екі жақ бітімге келіп, Карель мойнағы мен тағы біраз территория КСРО-ға берілді. Бұл соғыстың Кеңес Одағы үшін бірнеше зардаптары болды: 1) әлемнің прогресшіл күштері КСРО-ны басқыншы деп есептеді және оны Ұлттар лигасынан шығарып жіберді; 2) шағын ғана Финляндиямен 3 ай соғысу дүние жүзі алдында Қызыл Армияның әлсіз екенін көрсетіп берді. Гитлер мен оның штабы Кеңес Одағын аз уақыт ішінде талқандамақшы болған “Барбаросса” жоспарын осы соғыстың нәтижесіне негіздеп жасады; 3) 1941 ж. жазда кеңес-герман соғысы басталған кезде Финляндия Германияның одақтасы ретінде Кеңес Одағына қарсы соғысқа араласты.[1]

Cоғыс

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы