Функционализм (сәулет)
Функционализм (лат. functіo — орындау) — 20 ғасырдағы сәулет өнерінде өріс алған бағыт. Ол әуелі Фра��ция (Ш.Э. Ле Корбюзье) мен Германияда (В.Гроппиус, Л.Мис ван дер Роэ, т.б.), Нидерландта өріс алып, кейін Америкада (Л.Салливен) өркен жайды. Функционализм ағымын жақтаушылар салынатын құрылыс пен ғимараттың өндірістік және тұрмыстық тиімділігін қатаң қадағалап, оны қазіргі индустриялы құрылыс техникасы мен өндіріс жетістіктерін кеңінен қолдану арқылы жүзеге асыруға ден қойды. Функционализм. Құрылыс ісіне бірқатар жаңа конструкциясы. идеялар мен жоспарлау тәсілдерін енгізді: стандартты тұрғын үй секциялары мен пәтерлер, қалалар мен поселкелерде қаз-қатар салынған (тұйық жағы көшеге қаратылған үйлер) ғимараттар, т.б. Алайда “түр тиімділікпен бірге жүру керек” деген Ф-нің теор. тезисі көбінесе схематизмге, архит. шешімнің тым қарапайымдануына әрі жергілікті жағдай мен ұлттық дәстүрді бағаламауға әкеп соқтырды. Коэн Дюрқтейм еңбектерінен әр алуан пошымда табуға болатын тұрғыны ұстанады. Ол мынадай пікірде: қоғамды қажеттердің орын алуы тұрғысынан емес (Бұл қажеттер индивидумда болатынын ескеріп, өзі диспозициялық фактілер деп атаған нәрсенің тұрғысынан қарау керек; яғни бұлар нақты қоғамдық институттың өмір сүруіне жәрдемдесетін, бірақ іс жүзінде олардың бой көтеруіне себеп болмайтын айналадағы әлеуметтік ортаға тән сипаттар.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Сілтемелер:
өңдеу- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |