Тастауық
Тастауық — сазсырнай және үскірік сияқты тастауық та, қазақтың ертеден келе жатқан үрлемелі музыка аспабы. Тастан немесе ақ бордан істеледі, түрі тауыққа ұқсайды, сондықтан да тастауық деп атанып кеткен. Тас пен ақборға аттың қылын немесе жүн қосқан, ол-тастауық сынбай, мықты және дыбыстың жақсы шығуы үшін керек болған шығар деседі. Тастауықтың көлемі үлкен кісінің жұдырығындай, үш-төрт ойығы (тесігі) болады. Ол түрлі дыбыс шығару үшін керек. Тастауықта көбінесе балалар мен малшылар жеңіл халық әндерін ойнаумен қатар, түрлі құстар мен аңдардың дауысын салған деседі. Тембрі жұмсақ шығады. Тастауық Орал, Атырау, Ақтөбе облыстарында көп кездеседі.
Қолданылған әдебиет
өңдеу- Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздік, Алматы 1981 жыл -122,123 бет