Освенцим лагері


Освенцим лагері (Аушвиц-Биркенау) Освенцим қаласының маңында 1940-1945 жылдары жұмыс істеген немістердің концентрациялық және өлім лагерьлерінің кешені. Көбіне тарихта мұны неміс тілінде Аушвиц-Биркенау деп атайды. Бұл лагерлер жүйесі 1940 жылы Польшаның Оңтүстігінде салынған. 1942 жылдан 1944 жылдың орта шеніне дейін мұнда еврей халқы күштеп қоныстандырылған. Басты лагерь – «ОСВЕНЦИМ-І» деп аталса, Биркенау немесе «ОСВЕНЦИМ-ІІ» басты өлім орталығы болған. Ал Моновиц және «ОСВЕНЦИМ-ІІІ» көмірден жанармай шығаратын ірі өнеркәсіп болған. Одан бөлек әскери экономикаға жұмыс істейтін жаспарлас жатқан ондаған лагерь болған.

Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні

өңдеу

Бұл резолюцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2005 жылғы 1 қарашада қабылдаған. Холокост құрбандарын еске алу күнінің рәміздік мағынасы бар. Бұл күн кеңес әскерлерінің «Освенцим-Биркенау» өлім лагеріндегі әскери тұтқындарды босату күніне арналған. Бұл оқиға 1945 жылы 27 қаңтарда болған. Содан бері әлем халқы бұл күнді тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған үлкен геноцид деп еске алады. Сол сұмдық апаттан аман қалғандар Израиль мемлекетінің негізін қалады. Сондықтан израильдіктер үшін бұл ерекше күн саналады.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, 1933-1945 жылдар арасында Еуропадағы еврей халқының 60 пайызына қысым көрсетілген. Олардың ішінде әйелдер, балалар мен қарттар болған. Түрлі статистика деректері бойынша Освенцимде (Аушвиц-Биркенау) 1,5-нан 4 миллионға жуық адам мерт болған. Освенцим Польшаға немістер басып кіргеннен бір жыл өткен соң, яғни 1940 жылы жұмыс істей бастаған. Еврейлермен қоса онда 85 мың поляк, 20 мың сыған, Еуропа елдерінің басқа 12 мың азаматы және Совет одағының шамамен 15 мыңға жуық әскери тұтқыны өлтірілген делінеді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. tengrinews.kz