Мақтаарал ауданы
Мақтаарал ауданы — Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 0,8 мың км² (облыс аумағының 0,7%-ы). Орталығы – Мырзакент кенті.
Қазақстан ауданы | |||
Мақтаарал ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
9 | ||
Кенттік әкімдіктер саны |
2 | ||
Ауыл саны |
68 | ||
Әкімі |
Бақыт Насырханұлы Асанов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Мырзакент кенті, Жаштаев көшесі, №96 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
40°46′ с. е. 68°19′ ш. б. / 40.767° с. е. 68.317° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°46′ с. е. 68°19′ ш. б. / 40.767° с. е. 68.317° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1928 | ||
Жер аумағы |
808[1] км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
129 113[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 71,21 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
13 | ||
Тарихы
өңдеуБұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. 2018 жылы 5 маусымда қайтадан Жетісай және Мақтаарал ауданы боп екіге бөлінді.
Географиялық орны, жер бедері
өңдеуМақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігінде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 м төбелі, белесті жазықта орналасқан. Батысында Жетісай ауданымен, солтүстігінде Шардара бөгені арқылы Шардара ауданымен, оңтүстігі мен шығысында Өзбекстанмен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған.
Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.М.Киров атындағы) каналы – ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған.
Әкімшілік бөлінісі
өңдеуАудандағы 68 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Атакент кенттік әкімдігі | 16402 | ▲19240 | 117,3 | 7937 | ▲9531 | 120,1 | 8465 | ▲9709 | 114,7 |
Аязхан Қалыбеков ауылдық округі | 7600 | ▲7923 | 104,3 | 3829 | ▲4061 | 106,1 | 3771 | ▲3862 | 102,4 |
Бірлік ауылдық округі | 9576 | ▼8868 | 92,6 | 4865 | ▼4464 | 91,8 | 4711 | ▼4404 | 93,5 |
Достық ауылдық округі | 13325 | ▲14903 | 111,8 | 6698 | ▲7552 | 112,8 | 6627 | ▲7351 | 110,9 |
Еңбекші ауылдық округі | 5866 | ▼5647 | 96,3 | 2986 | ▼2944 | 98,6 | 2880 | ▼2703 | 93,9 |
Жамбыл ауылдық округі | 9695 | ▲10210 | 105,3 | 4864 | ▲5191 | 106,7 | 4831 | ▲5019 | 103,9 |
Жаңажол ауылдық округі | 9597 | ▼9184 | 95,7 | 4740 | ▼4688 | 98,9 | 4857 | ▼4496 | 92,6 |
Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі | 6345 | ▲6645 | 104,7 | 3190 | ▲3381 | 106 | 3155 | ▲3264 | 103,5 |
Иіржар ауылдық округі | 10165 | ▲10527 | 103,6 | 5126 | ▲5304 | 103,5 | 5039 | ▲5223 | 103,7 |
Мақтаарал ауылдық округі | 15073 | ▲16513 | 109,6 | 7472 | ▲8312 | 111,2 | 7601 | ▲8201 | 107,9 |
Мырзакент кенттік әкімдігі | 13274 | ▲16550 | 124,7 | 6449 | ▲8362 | 129,7 | 6825 | ▲8188 | 120 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 116918 | ▲126210 | 107,9 | 58156 | ▲63790 | 109,7 | 58762 | ▲62420 | 106,2 |
Халқы
өңдеуАуданда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан.
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[5] | 1999 | 2009[6] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
52586 | ▼35515 | ▲57363 | ▲65985 | ▲72114 | ▲236947 | ▼116918 | ▲126210 |
Әкімдері
өңдеу- Жамантай Бейсенбаев (2015-2016)
- Ғалым Исмаилов (2016-2018)
- Жамантай Бейсенбаев (04.2018-07.2018)
- Бақыт Асанов (07.2018 бастап)
Экономикасы
өңдеуАуыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 км.
Өнеркәсіп
өңдеуАудандағы 37 өнеркәсіп орындары 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 4 млрд 267 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, орта мерзімдік даму жоспары 101,6% орындалды.
Ал, заттай өнімге шағар болсақ, 2006 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы - 644 тоннаға, мақта майы-78 тоннаға аз өндірілді. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен саластырғанда 79,4%-ті құрап отыр.
Соңғы 3 жылда өнеркәсіп өнімдері көлеміндегі мақта тазалау зауыттарының үлес салмағы жылдан жылға бәсендеп 67% дейін, ал шағын кәсіпкерлердің үлесі керісінше ұлғайып 33% дейін жетті.
Ауыл шаруашылығы
өңдеу2007 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 4404,2 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 4461,5 млн.теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 566,0 млн теңгеге артып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 101,3 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 2006 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.
Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп,) 860 гектарға жеміс-жидек, 566,2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды.
Есепті кезеңде биылғы көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған минералды тыңайтқыштар тікелей шаруа қожалықтарына жеткізіліп таратылды. Сондай-ақ, егілген дақылдардың құрылымына қарай жұмсалған жанар-жағар майға 616,6 млн. теңгенің көлемінде субсидия бөлініп отыр.
Ауданда мал саны артып келеді ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, ауданда заңды және жеке тұлғалардың иелігінде 89,1 мың. бас ірі қара мал, оның ішінде 33,4 мың бас сиыр, 203,3 мың. бас қой-ешкі, 9683 бас жылқы, 1435 бас түйе, 108,0 мың. бас құс бар. Өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда ірі-қара мал 2312 басқа, қой-ешкі 29989 басқа, жылқы 463 басқа, түйе 3 басқа, құс 398 басқа өсті.
Құрылыс
өңдеуАталған мерзімде негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 467,0 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 823,1 млн. теңгеге кеміп отыр. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың құрылымында 48,8 пайызды республикалық бюджет, 14,2 пайызды жергілікті бюджет, 37,0 пайызды кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты, ал шетел инвестициясы қазірге тартылған жоқ.
Ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 139 жер учаскесі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2007 жылдың 1-жарты жылдығында жалпы көлемі 9500 шаршы метр 104 тұрғын үй пайдалануға қабылданды.
Көлік, байланыс, ауыз су
өңдеуАудандағы 3 жолаушылар тасымалдау автокөлік кәсіпорындары мен 500-ден астам жеке тұлғалар жолаушыларға аудан ішіндегі бағыт және қалааралық бағыттар бойынша қызмет көрсетуде.
Аудан кәсіпорындары арқылы 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 5,3 мың тонна жүк тасымалданды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалы 2,4 мың тоннаға артып отыр. Жүк айналымы 996 мың тонна-км құрап отыр. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 282 мың тонна-км артқан. Сондай-ақ жолаушы тасымалдау алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 87 мың адамға, ал жолаушы айналымы 768 мың км/адамға артты.
Аудандық телекоммуникация торабы 2007 жылдың 1-тоқсанында абоненттерге 151,5 млн.теңгенің қызметін көрсетті, телефон нүктелерінің саны 13986-ға жетті. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда қызмет көрсету 14,5 млн. теңгеге, ал телефон нүктелердің саны 701-ге өскен. Ауданда ескі телефон станцияларын біртіндеп жаңа сандық станцияларға ауыстыру, телефон байланысының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 2007-2010 жылдарға арналған “Таза су” бағдарламасына сәйкес аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жылда жергілікті бюджеттен 10,0 млн. теңге қаржы бөлініп тұрады. Бұл қаржыға елді мекендердегі ауыз су құдықтарының насостарын ауыстыру мен басқа да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Шағын кәсіпкерлік
өңдеу2007 жылғы 1 шілдесіндегі жағдай бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19299-5а жетті, оларда 76,3 мың адам жұмыспен қамтылған. Шағын бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 424,1 млн. теңге болды, бюджетке жалпы 140,7 млн. теңге салықтық төлемдер құйылды.
Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік саласындағы субъектілер саны 261 бірлікке, өндірілген өнім көлемі 17,1 млн. теңгеге, салықтық төлемдер көлемі 2,1 млн. теңгеге артты.
Бюджет
өңдеуАудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2007 жылдың 1-жарты жылдығында салық контингенті бойынша болжамдағы 836,9 млн. теңгенің орнына 848,2 млн. теңге яғни жоспар 98,2 пайызға орындалғанмен, өткен жылмен салыстырғанда 245,4 млн. теңгеге артық орындалды. Ал, жергілікті салық бойынша 496,2 млн. теңгенің орнына 505,1 млн. теңге (+8,9 млн. теңге) көлемінде салық пен міндетті төлемдер жиналды. Жоспар 101,8% пайызға артығымен орындалды. Былтырғы жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 127,9 млн. теңге артық жиналды.
Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі жоспардағы 3 млрд. 656 млн. теңгенің орнына 3 млрд. 635 млн теңгеге орындалды, яғни 99,4 пайызды құрайды. Негізінен қаржының қомақты мөлшері білім беру саласына (2859,3 млн) мен әлеуметтік саласына (164,6 млн) қаржыландыруға жоспарланған.
Әлеуметтік сала
өңдеуАуданда жұмыссыздар саны 1472-ден 1255-ке яғни 217 адамға азайды. Жұмыссыз азаматтардың саны барлық аумақтық әкімшілік бірлікте былтырғы деңгейден азайған. Ақылы қоғамдық жұмысқа болжамдағы 292 адамның орнына 330 адам жіберілген. Жұмысқа орналастыру бойынша жоспардағы 396 адамның орнына 613 адам жұмысқа орналастырылған, бұл жоспардағыдан 217 адамға артық.
Ауданымызға 2006 жылдың 6 айында құрамында 702 адамы бар 265 оралман отбасы көшіп келсе, 2007 жылдың 1-жарты жылдығында құрамында 529 адам бар 232 отбасы көшіп келді. Ал 1991 жылдан осы күнге дейін ауданға алыс және жақын шетелдерден 10542 отбасы оның құрамында 35321 адам көшіп келді.
Білім
өңдеуАудан мектептеріне 2007 жылға барлығы жергілікті бюджеттен 3873,9 млн. теңге, республикалық бюджеттен 448,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде: мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға парта алуға, компьютерлер алуға, қашықтан оқыту құралдарына, мультимедиялық кабинетке, оқушылардың жазғы сауықтыру лагеріне сонымен қатар мектептердегі медициналық кабинеттерге дәрі-дәрмектер үшін қаржы қаралды.
Биылғы жылғы өткізілген ұлтық бірыңғай тестілеудің нәтижесін өткен жылғымен салыстырғанда жоғары. Айтатын болсақ: 2005 жылы орташа балл 57,1 болған болса, 2006 жылы 59,1 балл, 2007 жылы 71,78 балл болды.
Денсаулық
өңдеуАуданда 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 44214 адам флюрографиялық және туберкулезге қарсы диагностикалық тексерулерден өткізіліп, ауруларын анықтап, емдеу шаралары көрілді.
Әйелдердің туу көрсеткіші жылдан-жылға өсуде. Биылғы жылдың 1-жарты жылдығында 4123/15,3 абсолют нәресте өмірге келді. Табиғи өсуі 2006 жылдың 1-жарты жылдығында 13,8 болса, биыл 15,3 болды.
Мәдениет, спорт
өңдеуАудан халқына мәдени қызмет көрсету бағытында 30 мәдениет үйлері мен клубтар және 36 кітапхана, жалпы 68 мәдени ошақтары жұмыс атқарады. 2007 жылы облыстық бюджет есебінен Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйін 12,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар аудандық бюджеттен мәдениет мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда,
1. Қазбек би ауылдық округіне қарасты мәдениет үйіне
2. Мақталы ауылдық округіне қарасты клубқа
3. Мырзакент кентіндегі мәдениет үйіне
4. Достық ауылдық округіне қарасты мәдениет үйіне
5. Қарақай ауылдық округіне қарасты мәдениет үйіне
6. Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне
Жалпы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 17,2 млн. теңге бөлініп отыр.
Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен көпшілік спортты дамыту бағытында бүгінгі таңда аудан көлемінде 272 спорт нысандары, оның ішінде: 3 стадион, 69 спорт зал, 124 спорт алаңдары, 1 теннис корты, 57 бейімделген ғимараттар және 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.[7]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Мақтаарал ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Сыртқы сілтемелер
өңдеу- Malimetter.kz Мақтаарал ауданы реферат (қазақша)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |