«Кунг-фу панда» (ағылш. Kung-Fu Panda) — 2008 жылы Dreamworks Animation киностудиясы шығарған толықметражды анимациялық фильм, алғашқы көрсетілімдердің бірі 2008 жылы 5 шілдеде 2D, 3D, IMAX 3D режимінде шыққан болатын. Бұл анимацилық фильмнің режиссері Марк Осборн және Джон Стивенсон.

Кунг фу панда
Kung-fu panda
Сурет
Мультфильм түрі

3D мультфильм

Жанры

отбасылық, комедия,

Сиквелі

«Кунг-фу панда 2»

Рөлді дыбыстағандар

Джек Блэк,
Дастин Хоффман,
Анджелина Джоли,
Джеки Чан,
Люси Лью,
Иэн Макшейн,
Дэвид Кросс[1]

Операторы

Джун Ён Дук

Студия

DreamWorks Animation
Paramount Pictures

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Ұзақтығы

92 минут

Премьера

5 маусым 2008

Бюджеті

130 миллион $

Кассалық түсімі

631 737 680 $

BCdb

мағлұмат

Rotten Tomatoes

толығырақ

Мультфильмдегі барлық жағдай антропоморфтық жануарлар өмір сүріп жатырған Қытайда орын алады, соның ішінде, қояндар, шошқалар, қасқырлар, үйректер және т.б. Жалпы мультфильм қарапайым аспазшы, яғни кеспе пісіруші үйректің ұлы панданың - нағыз кунг-фу шеберіне айналуы туралы. Бұл анимациондық фильм «Оскар сыйлығы» сыйлығына ие болған.

Бұл мультфильм аздаған уақыт ішінде 500 миллиардтан астам доллар жинап алды.Фильмде әзіл жағы да, өте қызықты төбелес өнері, яғни кунг-фу жақсы қамтылған жәнеде өте әдемі эффектілермен безендірілген.

Аннотация

өңдеу

Бейбітшілік алқабын және оның барлық тұрғындарын қатыгез шебер Тай Лунгтан құтқару ең жақсылардың арасында бірінші болып табылатын Айдаһар жауынгерінің иығына түсуі керек, ол ... ебедейсіз, жалқау және әрқашан аш панда По болады.

Ол аңызға айналған жауынгерлер: Жолбарыс, Маймыл, Манти, Жылан және Тырнамен қатарласып, кунг-фу шеберлігінің шыңына жету үшін ұзақ және қиын жолдан өтті. По көне шиыршықтың құпиясын түсінеді және егер ол өзіне сене алса ғана Айдаһар жауынгеріне айналады ...

Деректер

өңдеу

Әлемді зұлым, кунг фу өнерін шебер меңгерген Тай Лунгтан құтқару күштілердің ішінен таңдалып алынған қолапайсыз, еріншек, ашқарақ айдаҺар сарбазы панданың міндетіне жүктеледі, басқаша айтқанда "По". Оны жеңу үшін атағы жер жарған жолбарыспен, маймылмен, дәуітпен, жыланмен жәнеде бірқазанмен бірге көптеген қиын жолдардан өтуге тура келеді. Бірақ та, ол Тай Лунгты жеңу үшін айдаҺар қағазындағы күшті игеру керек ,ал негізгі күш өз-өзіне деген сенімі болатын...

Кейіпкерлер

өңдеу
  • Джек БлэкПо
  • Дастин ХоффманШифу шебер
  • Рэндалл Дук КимҰлы шебер Угвэй
  • Анджелина ДжолиШебер жолбарыс
  • Дэвид КроссШебер бірқазан
  • Джеки ЧанМаймыл ұста
  • Сет Роген Дәуіт
  • Люси Лью Жылан
  • Иэн МакшейнТай Лунг
  • По - улкен панда - фильмдегі басты кейіпкер.Үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүреді,ақымақ,жолы бола бермейтін семіз панда, "үздік бестікті", сонымен қатар Кунг Фумен айналысуды армандайды. Кеспе пісіретін асхананың бастығы өгей әкесімен бірге жұмыс жасап, оған көмектеседі. Оқиғаның соңында зұлым Тай Лунгты жеңгеннен кейін айдаҺар сарбазы, сонымен қатар "үздік бестіктің" қатарына кіреді.
  • Шифу ұста - "Үздік бестіктің" жаттықтырушысы. Басында панданы өзінің шәкірті ретінде мойындамағанымен, одан кейін оны үйретудің ерекше әдісін тауып, оның айдаһар жауынгері екенін мойындап, жаны тынышты алды.
  • Угвей шебер - тасбақа - Шифудың ұстазы, Поны айдаһаржауынгері ретінде таңдап, соңына дейін сенген, жәнеде таңдауда шатыспаған.
  • Тай Лунг - қар барысы - басты зұлым - Шифудың асыранды баласы, жастайынан айдаһар жауынгері болып үйретіледі, бірақ, Угвей оның жүрегіндегі зұлымдықты көріп, айдаһар жауынгері дер санамайды. Оның шешіміне келіспеген Тай Лунг өзінің туған жерінде төбелес шығарып, "айдаһар қағазын" алмақшы болып келгенде, ойы іске аспай 20 жылға Чорчом түрмесіне кетеді.

Қосымша кейіпкерлер

өңдеу
  • Пи мырза - Үйрек - Поның әкесі. Кеспе дайындайтын асхананың басқарушысы. Әкесі Пи пандаға кеспе дайындаудың ешқандай құпиясы жоқ, тек сену керек екенін айтып, айдаһар қағазының сырын түсінуіне үлкен септігін тигізген болатын.
  • Вахир - Явандық мүйізтұмсық - Чор Гом түрмесінің бастығы.
  • Зенг - үйрек - Шифудың хабар тасушы құсы. Тай Лунг Зенгтың түрмеге барған кездегі түсіп қалған қауырсынының арқасында босап кеткен болатын.
  • Сонымен қатар, фильмде басқа да кейіакерлер ойнайды, соның ішінде үйректер, қояндар, шошқалар, бұқалар, мүйізтұмсықтар және басқалары.

Саундтрек

өңдеу

Мультфильмге арнап ән жазған Джон Пауэл және Ханс Циммер болып табылады. Олар ән әдемі, жәнеде қызықты болуы үшін, Қытайдың Симфоникалық оркестрімен танысып, әуендерін зерттеген.

Атауы Ұзақтығы
1. «Hero» 4:42
2. «Let The Tournament Begin» 1:59
3. «The Dragon Warrior Is Among Us» 2:57
4. «Tai Lung Escapes» 7:06
5. «Peach Tree Of Wisdom» 1:53
6. «Accu-flashback» 4:05
7. «Impersonating Shifu» 2:18
8. «The Sacred Pool Of Tears» 9:51
9. «Training Po» 1:28
10. «The Bridge» 3:23
11. «Shifu Faces Tai Lung» 4:47
12. «The Dragon Scroll» 2:31
13. «Po vs. Tai Lung» 2:41
14. «Dragon Warrior Rises» 3:22
15. «Panda Po» 2:39
16. «Oogway Ascends» 2:04
17. «Kung Fu Fighting» (Cee-Lo Green және Джек Блэк орындауында) 2:30
18. «Kung Fu Fighting (Азиялық нұсқасы)» (Рейннің орындауында) 3:27
19. «Kung Fu Fighting (Азиялық нұсқасы)» (Sam Concepcion орындауымен) 2:20

Мультфильмнің жасалу жолы

өңдеу

2004 жылы қазанда «DreamWorks Animation» мультфильмды жасауды жоспарлады. 2005 жылы қыркүйекте басты кейіпкерді Джэк Блэк дыбыстайды деп шешім қабылданды, сонымен қатар, сол жылдың қарашасында дыбыстаушылардың қатарына Дастин Хоффман, Джеки Чан, Люси Лью, және Иэн макшейн қосылды. Басында, мультфильмді төбелес өнерін қолданып жасамақ болған, бірақ режиссер Джон Стивенсон бұл идеяны құптамай, комедия, сонымен қатар, төбелесті уся элементтерімен жасауға шешеді. Мультфильмді жасау барысында режиссерлері Джон Стивенсон және Марк Осборн Қытайдың салт-дәстүріне аса назар аударған, соның барысында Қытайдың мәдениетін, тарихын толық зерттеген. Тіпті, сол бағыттан таймас үшін, қоюшы-суретші Рэймонд Цибах және арт-директор Танг Хенг бірнеше жыл Қытайдың сурет өнерін, архитектурасын, кунг-фу стиліндегі фильмдерді зерттеген болатын.

Бұл мультфильм үшін жасалған компьютерлік анимация жасау Dreamworks тарихындағы ең қиын жұмыс болған көрінеді, мульфильмның бас директоры сценарийді VFX-тің бастығы Маркс Манниненге ұсынғанда ол күліп, оған "сәттілік " тілеген. Оған қоса мультфильмді жасау үшін аниматорларға нағыз кунг-фу шеберлерінен тәлім алуына тура келген. Бұл Dreamworks тарихындағы бірінші IMAX форматындағы фильм.

Марапаттаулары

өңдеу

Бұл анимациялық фильм "Оскар сыйлығы" номинациянасының иегері, "Ең үздік мультфильм", сонымен қатар "Алтын глобус" номинациясының иегері атанды.

Ие болған марапаттаулары мен номинациялары'[2]
жүлде санат Марапат алушы Жалпы
81-і жүлде Оскар сыйлы��ы
Үздік анимациялық фильм Джон Стивенсон
Марк Осборн
Номинация
Энни жүлдесі 2009
Үздік анимациялық фильм Жеңіс
Үздік анимациялық эффектілер Ли-Минг «Лоуренс» Ли Жеңіс
Ұздік анимациялық кейіпкер Джеймс Бакстер Жеңіс
Филипп Ле Брун Номинация
Дэн Вагнер Номинация
Үздің кейіпкер дизайны Нико Марлет Жеңіс
Үздік режиссер Джон Стивенсон
Марк Осборн
Жеңіс
Ұздік музыкалық композиция Ханс Циммер
Джон Пауэлл
Жеңіс
Үздік дизайн| Танг Кенг Хенг Жеңіс
Рэймонд Цибах Номинация
Үздік түсірілім Дженнифер Ю Жеңіс
Алессандро Карлони Номинация
Үздік дыбыстау Дастин Хоффман Жеңіс
Джеймс Хонг Номинация
Иан МакШейн Номинация
Үздік сценарий Джонатан Эйбл
Гленн Бергер
Жеңіс
Golden Trailer Awards
Үздің отбасылық анимация Номинация
  ҚытайHuabiao Awards
Шет тіліндегі үздік фильм Жеңіс
National Movie Awards
Үздік отбасылық фильм Номинация
Nickelodeon Kids' Choice Awards
Үздік кейіпкер дыбыстауы Джек Блэк Жеңіс
Сүйікті анимациялық фильм Номинация
Online Film Critics Society
Үздік анимациялық фильм Номинация
People's Choice Awards
Сүйікті отбасылық фильм Номинация
Producers Guild of America
Анимациялық фильм Мелисса Кобб Номинация
Teen Choice Awards
Choice Summer Movie: Comedy Номинация
Visual Effects Society
Үздік анимацияланған кейіпкер Джек Блэк
Дэн Вагнер
Нико Марлет
Питер Фэрсон
Номинация
Анимациялық фильмдердегі ең үздік анимациялық фильм Markus Manninen
Dan Wagner
Alex Parkinson
Raymond Zibach
Номинация
Үздің анимациялық эффектілер Markus Manninen
Alex Parkinson
Amaury Aubel
Li-Ming 'Lawrence' Lee
Номинация

Кассалық түсім

өңдеу

«Кунг-фу панда» мультфильмі сатылымда $631,7 млн жинап алды, $215 млн АҚШ-тан, ал қалған $416 млн басқа елдерден жиналды. 2011 жылы мультфильм бүкіл киномотография тарихында кассалық түсірілімнен 53-ші орынды иеленді, ал анмациялық фильмдердің арасында 11-шы орынға жайғасты.

Бұл мультфильмды Қытайлықтар да жақсы қабылдады. 2008 жылы шілдеде сатылымнан 110 миллион қытай юань ақшасын жинап алды, сонымен Қытайдағы ең алғаш 100 миллион қытай юаньін жинаған мультфильм атанды. Қытайлық режиссер Лу Чуань былай деген болатын: "Жасалу жағынан бұл фильм ешқандай кемшіліксіз, Американдық жасаушылар Қытай мәдениетіне деген ерекше көзқараста екендігін көрсетті." Бұл фильм қытайлықтардың американдықтарға деген көзқарасының өзгеруіне септігін тигізді.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Full cast and crew  (ағыл.). — IMDb сайтындағы ақпарат. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 наурыз 2012. Тексерілді, 12 қазан 2011.
  2. List of Awards  (ағыл.). IMDb. — 'Марапаттаулардың толық тізімі. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 наурыз 2012.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу