Берлин (нем. Berlin [bɛɐ̯ˈliːn], айтылуы ) — Германия астанасы. Берлин қаласы Шпрее өзенінің сол жағалауында орналасқан. Арада бес ғасыр өткенде сол Берлин немістің Бранденбург мемлекетінің маңызды сауда орталығына айналды. 1486 жылы Гогенцоллердің резиденциясына айналған. 1871 жылы ол Герман империясының астанасына айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Берлин керемет көркейіп, көріктене түсті. Ал дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ол қирап қалды. 1961 жылы коммунистердің айтуымен Берлин қабырғасы тұрғызылып, екі Германия екі түрлі лагердің сойылын соқты. Ал 1889 жылы Бундестагтың шешімімен Берлин Германия Федеративтік Республикасының астанасына айналды.

Қала
Берлин
нем. Berlin
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Германия

Статусы

Астана

Жері

Берлин

Ішкі бөлінісі

12 округ, 96 аудан

Бургомистр

Франциска Гиффай[1]

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°31′12″ с. е. 13°24′18″ ш. б. / 52.52000° с. е. 13.40500° ш. б. / 52.52000; 13.40500 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°31′12″ с. е. 13°24′18″ ш. б. / 52.52000° с. е. 13.40500° ш. б. / 52.52000; 13.40500 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1237

Алғашқы дерек

1170 жыл

Жер аумағы

891,85 км²

Биіктігі

34 м

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

3 644 826 адам (2018)

Тығыздығы

4088 адам/км²

Агломерация

6 177 535

Ұлттық құрамы

немістер — 78,8 %,
шетелдіктер — 21,2 % (2018)[2]

Этнохороним

берлиндік, берлиндіктер

Ресми тілі

неміс

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+49 30

Пошта индекстері

10115–14199

Автомобиль коды

B

berlin.de  (нем.)

Берлин картада
Берлин
Берлин
Берлин, Кызыл ратуша, Сенат орыны
Сол жакта атақты Гумбольдт университеті

Қалада 3,4 млн. халық тұрады. Олардың төрт жүз мыңнан астамы 182 елден келген шетелдік азаматтар. Берлин Мәскеу мен Париждің екі аралығындағы ең үлкен қала. Ол 892 кв. Км. Аймақты алып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыста қирап қалған қала адам танымастай өзгерді. Берлинде газет журнал басатын жаңа техналогиямен жабдықталған 10 баспахана және ақша айналымы жөнінен дүниежүзіндегі ең үлкен базар бар.

Қаладағы төрт университетте жүз мыңнан астам студент оқиды. Сондай-ақ әртүрлі мамандар дайындайтын он институт, 50–ден астам ғылыми-зерттеу институттары бар, онда 50 мың адам жұмыс істейді. Жалпы Германия мәдениетке ерекше көңіл бөледі. Қалада 200-ден астам жекеменшік сурет галереясы, 150 театр бар. Онға жуық филармониялық оркестр бар. Жылдың 365 күнінде Берлин бір сәт демалуды білмейді. Күн сайын әртүрлі шаралар өтіп жатады. Мысалы, ақпан айында халықаралық кинофестиваль, мамырда театр фестивалін өткізу ежелгі дәстүр. Ал маусым айында халықаралық әдеби фестивальдің оты жанады. Берлиндегі қонақүйлері мен мейрамханаларда есеп жоқ. Қазіргі кезде ол Еуропадағы ең көрікті қала болып саналады.

Галерея

 
Берлин панорамасы, сол жактан - туы бар Рейхстаг, Park Inn мейманханасы, Халықаралық сауда орталығы, телемунара, Кафедрал, Кызыл ратуша, Бранденбург қақпасы

.

Дереккөздер

  1. [https://www.berlin.de/rbmskzl/en/the-governing-mayor/ Берлин қаласының бургомистер ресми сайты]
  2. Einwohnerinnen und Einwohner im Land Berlin am 31. Dezember 2018. Тексерілді, 23 шілде 2019.