Баян-Өлгей аймағы
Баян-Өлгей аймағы (моңғ. Баян-Өлгий Аймаг, қазақша балама аты — Бай-Өлке, Байбесік) — Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы. 1940 ж. құрылған. Аймақ орталығы — Өлке қаласы. Аймақ 13 сұмын және 90 бақтан тұрады.
Аймақ | |||||
Баян-Өлгей аймағы | |||||
Баян-Өлгий аймаг | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Енеді |
13 сум (аудан) | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Әкім |
Дәрмен Құзыкейұлы | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
48°18′ с. е. 89°30′ ш. б. / 48.300° с. е. 89.500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°18′ с. е. 89°30′ ш. б. / 48.300° с. е. 89.500° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1940 | ||||
Жер аумағы |
45 705 км² (17 орын) | ||||
Уақыт белдеуі |
UTC+7 | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
91 470 адам (2013)(7 орын) | ||||
Тығыздығы |
1,86 адам/км² (6 орын) | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
ISO 3166-2 коды |
MN-071 | ||||
Телефон коды |
+976 (70) 42 | ||||
Автомобиль коды |
БӨА | ||||
Координаттар: 48°18′ с. е. 89°30′ ш. б. / 48.300° с. е. 89.500° ш. б. (G) (O) (Я) |
Әкімі — Дәрмен Құзыкейұлы.
Баян-Өлгей аймағының адам саны 91 мың 470, халқының 93 % — қазақтар, қалғаны моңғолдың ұраңқай ұсақ руы мен тыва ұлт өкілдері тұрады.
Географиясы
Баян Өлгий аймағы Моңғол Алтай тауының солтүстігінен оңтүстігіне созылып орналасқан. Батысында Моңғол Алтай тауының сілемдерімен ҚХР-ның ШҰАР-мен 450 км, солтүстігінде Сийл��эм жотасымен РФ-ның Алтай Республикасымен 225 км, шығысында Увс аймағымен 165 км, оңтүстік шығысында Ховда аймағымен 450 км шектесіп орналасқан. Қазақстанға ең жақын шекара сызығы аймақтың солтүстігінен 27 км жерде орналасқан. Аймақ теңіз деңгейінен орта есеппен 1301-4374 м биіктікте орналасқан, жер көлемінің 95,3% 1600 метрден биік. Аймақ территориясында Ачит, Даян, Хотон, Хоргон, Толбо секілді тұщы сулы 80- көл , 100-дей өзен, 200 бұлақ бар. Қобда, Ақсу, Согоог , Ёлт, Сагсай , Булган, Жалғыз ағаш, Буянт, Бөхмөрөн секілді үлкен өзендер бар. Қобда өзеннің ұзындығы 506 км. Толбо және Ачит көлінде балық шаруашылғы бар.
Моңғолия қазақтары және аймақ тарихы
Аймақтың халқы
Өлгей қаласындағы халық саны — 34 000. Баян-Өлгей аймағы халқының саны шамамен 91 мың 470 адамды құрайды. Халқының 93 пайызына жуығы қазақтар. Моңғолиядағы қазақтары ең көп шоғырланған аймақ болып табылады. Басқа ұлттардан тувалар, моңғолдың дөрвөд этникалық тобы және ұранқай мен халха моңғолдар бар.
Музикалық драма театры, кітапханалар жұмыс істеп тұр. «Жаңа дәуір», «Моңғол Заман», «Білім» газетінің таралымы 3-4 мыңның төңірегінде. Моңғол телеарналарымен қатар Қазақстан үкіметінің қолдауымен қазіргі таңда аймақ халқы Қазақстан, "Хабар", «Астана», КТК, Жетінші арна, Балапан «Мәдениет» «Жетісу» Qazsport, Асыл арна және 31-арна арналарын көруде. Сондай-ақ Моңғол Ұлттық Радиосының аймақтық бөлімшесінің қазақ тіліндегі бір сағаттық бағдарламасы таратылады. Аймақ орталығында 4 FM радио станциясы, Қазақ тілінде "Дербес", "Наз", "МНВ Баян-Өлгий" телеарналары, KAZNEWS, BAIOLKE уеб порталдары жұмыстауда.
Аймақтың экономикасы
Баян Өлгей аймағының негізгі шаруашылығы — мал шаруашылығы. Аймақта 11 мың шамасында шаруашылық бар. Осыған қарамастан, Моңғолия бойынша мал шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы аймақтардың қатарына кіре алмайды. Баян-Өлгей аймағындағы мал басы саны 1 670 300. Оның ішінде ешкі – 712 400, қой – 603 000, мүйізді ірі қара – 88 800, жылқы – 61 300, түйе – 4 300. Жыл сайын ішкі және сыртқы рынокқа 200 мың тонна ет, 900 тоннаға дейін қой жүнін, 300 мың данаға дейін әр түрлі малдың терісін өткізетін мал шаруашылығы аймақ халқының сұранысын қанағаттандыра алады. Аймақ көлемінде Ресейге шығатын Қызыл үй, Қытайға шығатын Даян бақылау пункттері бар.
1993 жылы Батыс Моңғолия электрожелісінің "Хандгайты-Улаангом" бөлігі арқылы Ресейдің Сібір БЭЖ-не қосылған. Кәзіргі таңда бұл электрожелісін сұмындарға жеткізу жұмыстары жүрілуде. Көршілес Қобда аймағында Дөргөн СЭС жұмыстап жатыр. Аймақта азық-түлік комбинаты, шикізат өңдеу цехтары, құрылыс материалдар өңдеу цехтар жұмыстауда. Өлгий қаласында халықаралық әуежай бар. Қазақстанның Өскемен қаласы және ел астанасы Ұланбатыр қаласына үнемі ұшақ қатынауда. Аймақ көлемінде ұялы байланыстын GSM стандартына сай Mobicom, G-mobil CDMA стандартына сай Unitel, Skytel операторлары бар. Хотгор көмір кеңі аймақ халқын көмірмен қамтуда. Баян-Өлгий аймағында вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар.
Білім беру
Аймақ бойынша 43 білім беру мектебі бар. Олардың 38-і қазақ тілінде, екеуі моңғол және тыва тілінде білім береді. Өлгей қаласында 12 жылдық бес орта мектеп, Дарын, Билгэ Тегін орта мектебі, Бастама мектебі, Зайд мектебі, Моңғол -Түрік біріккен лицейі, Қобда университетінің филиалы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекетік Университетінің филиалы жұмыстауда.[1]
Аумақтық Әкімшілік бөлінісі
Басшылары
МХРП Комиетінің бірінші хатшылары
|
Халық депутаттары құралы атқару әкімшілігінің басшылары
|
1991 жылдан кейінгі басшылары
|
Дереккөздер
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ https://www.facebook.com/groups/jazushy/permalink/2028945620575010/
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |