Бао Дай, вьетнамша - Bảo Đại, 保大 (22 қазан 1913, Хюэ — 30 шілде 1997, Париж) — Нгуен әулетінің 13-ші императоры, Вьетнамның соңғы императоры. Жапонияның «қуыршақ үкіметі» - Вьетнам империясының және Францияның «қуыршақ үкіметі» - Вьетнам мемлекетінің басшысы.

Бао Дай
Bảo Đại
Бао Дай Қате өрнек: Таныс емес сөз «px»
Лауазымы
Вьетнамның 13-ші императоры
8 қаңтар 1926 – 25 тамыз1945
Ізашары Кхай Динь
Ізбасары лауазымы жойылған
Биліктен бас тартуы 25 тамыз1945
Өмірбаяны
Діні буддизм
Дүниеге келуі 22 қазан 1913 (1913-10-22)
Хюэ, Франциялық Үндіқытай
Қайтыс болуы 30 шілде 1997 (1997-07-30) (83 жас)
Париж, Франция
Жерленді Пасси беиті, Франция
Династия Нгуен әулеті
Туған кездегі есімі Нгуен Фук Винь Тхюи (вьетн. Nguyễn Phúc Vĩnh Thụy)
Әкесі Кхай Динь
Анасы Хоанг Тхи Кук
Жұбайы 1) Нам Фыонг 2) Моника Бодо
Балалары 5 ұл
Монограммасы Монограммасы
Бао Дай Ортаққорда

1913 жылдың 22 қазанында Хюэ қаласында (сол кездегі Вьетнамның астанасы) туған. туған кездегі аты - Нгуен Фук Винь Тхюи (вьетн. Nguyễn Phúc Vĩnh Thụy) . Әкесі - император Кхай Динь (Khải Định). Білімді Кондос лицейінде, сосын Париждағы саси зерттеулер университетінде алды. 1925 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін таққа отырып, Бао Дай атын алды. Шын мәнінде Франциялық әкімшілігінің «қуыршақ басшысы» болған, себебі сол кезде Вьетнам Франциялық Үндіқытайдың құрамына кіріп тұрған.

1945 жылғы тамыздағы төңкерілісі кезінде тақтан түсті. Басшылыққа Хо Ши Мин келді. 1945-46 ж. бірнеше ай бойы Вьетнам Демократиялық Республикасының үкіметінің кеңесшісі болды. 1946 ж. көктемде Сянганға (Гонконг) қашып кетті. 1949 ж. наурызда Франциямен келісімге қол қойды, оның нәтижесінде франциялық әскерлер басып алған Вьетнам жерінде «қуыршақ мемлекет» құрылды. Жаңа мемлекеттің басшысы (император емес) Бао Дай болды. Оңтүстік Вьетнамдағы референдум (1955 ж. 23 қазан) нәтижесінде Бао Дай қызметінен айырылды. 1954 жылдан бастап Францияда тұрып [1], сол жерде Валь-да-Грасс госпиталінде қайтыс болды. Париждегі Пасси бейітінде жерленген.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том