Бабаш Әбілқасымов

Бабаш Әбілқасымов (2 қараша 1931 жылы туған, Атырау облысы Исатай ауданы - 29 шілде 2022 жыл, Алматы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы (1983), профессор (1994). Қазақстан жаратылыстану академиясының академигі

Бабаш Әбілқасымов
Туған күні

2 қараша 1931 (1931-11-02)

Туған жері

Дуаберген ауылы, Новобогат ауданы, Атырау облысы

Қайтыс болған күні

29 шілде 2022 (2022-07-29) (90 жас)

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ғылыми аясы

филология

Ғылыми дәрежесі

филология ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы

Профессор

Альма-матер

Орал педагогикалық институты

Марапаттары


Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі
Исатай ауданының Құрметті азаматы

Өмірбаяны

өңдеу

1953 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген.

1953-1958. Новобогат ауданың Амангельды атындағы орта мектептің директоры, Гурьев облыстық партия комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі.

1958-1961. Атырау педагогикалық институтында проректор.

Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында аспирант (1961-64), ғылыми қызметкер (1964-67), ғылыми хатшы (1967-75), аға, жетекші ғылыми қызметкер (1975-87)

1987-1991. Тіл білімі институты директорының ғылыми жұмыстар жөн��ндегі орынбасары

1991-1996. "Түркология және қазақ тілі тарихы" бөлімінің меңгерушісі

1998 жылдан бас ғылыми қызметкер

Ғылыми еңбектері

өңдеу

Негізгі ғыл. еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуге арналған. Оның 18 — 19 ғ-лардағы қазақ әдеби тілі, 19 ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, алғашқы қазақ газеттерінің тілі жөніндегі монографиялары қазақ әдеби тілі тарихы үшін аса қажетті еңбектердің қатарына жатады. Онда “Түркістан уәлаяты” мен “Дала уәлаяты” газеттерінің, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы шығармаларының тілі талданып, олардың қазіргі әдеби тіліміздің бастау көзі болып саналатындығы ғылыми тұрғыда дәлелденді.[1] Әбілғазы баһадүрдің “Шежіре-И Түрік” кітабының зерттелу тарихына шолу жасап, ондағы тұрақты сөз тіркестерін тілдік тұрғыдан талдады. Шығарманы көне түркі тілінен қазіргі әдеби тілімізге аударып, жеке кітап етіп шығарды.

Еңбектер тізімі

өңдеу
  1. Қазақ жазбасында тыныс белгілерін қолдану тарихына қатысты соны деректер // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. 1963. N3. Б. 80-82.
  2. Қазақ жазбасында тыныс белгілерін қолдану тарихына қатысты кейбір деректер // Коммунистік еңбек. 1963. 11 қыркүйек.
  3. «Дала уәлаяты газеті» тіліндегі грамматикалық ерекшеліктер // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. 1964. N4. Б. 75-85. 
  4. Қазақ тіліндегі алғашқы газет // Мәдениет және тұрмыс. 1964. N1. Б. 20-21.
  5. Ы.Алтынсарин «Дала уәлаяты газетінде» // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. 1967, N1. Б. 83-84.
  6. Қазақ тілі тарихының зерттелуі жайында // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. 1967. N5. Б. 71-78.
  7. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы. 1971. 187б.
  8. Ізденіс мұраты // Қазақстан мұғалімі. 1971. 15 июль [Р.Сыздықованың «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты кітабына рецензия] . (Ә.Құрышжановпен бірге).
  9. Әдеби мұра – көптің мүлкі // Коммунистік еңбек. 1971, 2 мамыр [Ү.Сүбханбердинаның «Әдеби мұра» атты кітабына рецензия].
  10. Әдебиет мәселелеріне арналған айтыс // Қазақстан мектебі. 1972. N2. Б. 91-92.
  11. Ұстаз өткен жол // Қазақстан мұғалімі. 1972. 2 ақпан (Ғ.Әбухановтың 60 жылдығына).
  12. Орыс ғалымының қазақ тіліндегі хаты // Коммунистік еңбек. 1973, 17 наурыз.
  13. Алғашқы қазақ календары // Торғай таңы. 1973, 31 мамыр.
  14. Алғашқы қазақ газеттері тілінің алфавиттік-жиілік сөздігі // Қазақ тексінің статистикасы. Алматы. 1973. Б. 553-565.
  15. Революцияға дейінгі жазба ескерткіштер тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің көрінісі // VII аймақтық диалектологиялық конференцияның тезистері. Алматы. 1973. Б. 59-62.

Қоғамдық жұмыстары

өңдеу
  • Алматы мемлекеттік педагогикалық университетте сабақ берді (1983-86).
  • Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды университеттерінде, сондай-ақ Алматыдағы ҚазМУ, АлМУ, АлПУ, Қыздар педагогикалық университеттерінің мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болды (1983-2001).
  • Алматыда өткен республикалық «Ана тілі» қоғамының құрылтайына қатысып, оның басқарма мүшесіне сайланды (1989).
  • Тіл білімі институты жанындағы «Түркі тілдері» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғайтын арнайы кеңес төрағасының орынбасары (1987-92).
  • «Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. Тіл, әдебиет сериясының» редколлегия мүшесі (1987-1994).
  • Тіл білімі институтындағы докторлық диссертация қорғайтын кеңестің мүшесі (1992-2010).
  • Қыздар педагогикалық институтында, «Қайнар» және Алматы мемлекеттік университеттерінде әдеби тіл тарихынан дәріс оқыды (1980-2008).
  • Бішкек мемлекеттік университеті жанындағы филология бойынша диссертация қорғайтын кеңестің мүшесі (1993-1998).
  • Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссияның сараптау кеңесінің мүшесі (1994-1999).
  • Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі (1995).
  • Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі Ғылым академиясы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің мүшесі (1996).
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті және Бішкек мемлекеттік университеті жанындағы филология саласынан докторлық диссертация қорғайтын кеңестердің мүшесі, сондай-ақ ұзақ жылдар Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссияның сараптаушы кеңесінің мүшесі ретінде түркітанушы кадрлар даярлауға өз үлесін қосып келеді, көптеген докторлық, кандидаттық диссертациялардың ресми оппоненті.

Шығармашылғы

өңдеу
  • Алғашқы қазақ газеттерінің тілі, А., 1971;
  • ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі, А., 1982,
  • XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. А., 1988.[2]

Марапаттары

өңдеу

Сталин атындағы дербес стипендия иегері (1951-53 жж.)

В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалі (1970)

Қазақ ССР Ғылым академиясының Құрмет грамотасы (1971)

«Социалисік жарыстың жеңімпазы» белгісімен (1972)

«Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен (1981)

«Еңбек ардагері» медалі (1990)

Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғысхаты» табыс етілді (2001)

«Исатай ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді (2007)

Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі мемлекеттік сыйлық (2008)

«Ана тілі» төсбелгісі (2011)

«Қырғыз тілі» төсбелгісі (2011)

«Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді (2015)

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл медалі (2015)

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  2. Қазақ ұлттық энциклопедиясы