Ғабит Мүсірепов ауданы
Ғабит Мүсiрепов ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында Есiл жазығында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1969 жылы құрылды. Аумағы 11,1 мың км2. Орталығы - Новоишим ауылы, облыс орталығынан қашықтығы 270 км.
Қазақстан ауданы | |
Ғабит Мүсірепов ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
17 |
Ауыл саны |
62 |
Әкімі |
Руслан Әкімжанұлы Аңбаев |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Новоишим ауылы, Абылайхан көшесі, №28 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
11,09 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
35 723[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
орыстар (43,35%) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
15 |
Географиялық орны
өңдеуСолтүстігінде Тимирязев, Шал ақын, шығысында Айыртау аудандарымен, батысында Қостанай облысының Сарыкөл, Қарасу аудандарымен, оңтүстігінде Ақмола облысының Есіл, Жақсы, Сандықтау аудандарымен шектеседі.
Аудан дала және орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Аудан аумағында (Есіл (ұзындығы 130 километр), Шырақ, Аққанбұрлық, Битүк, Шанақсай) өзендер және екi үлкен (Қалмақкөл - 1258 га, Ұлыкөл - 1640 га) көл бар.
Тарихы
өңдеуАудан Көкшетау облысының құрамында 1969 жылы 28 мамырда Куйбышев ауданы болып құрылды.
1973 жылы Ишим, 1975 жылы Ставрополь ауылдық кеңестері құрылды.[3]
1997 жылы 7 сәуірде Будённый, Володар, Западный, Пески, Ставрополь, Урожайный, Целинный ауылдық округтері таратылды. 2 мамырда Рузаев және Чистопол аудандары Куйбышев ауданымен біріктіріліп, Целинный деп аталды. Ал 3 мамырда Көкшетау облысы таратылып, аудан Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді.
2000 жылы Шұңқыркөл, Көкалажар, Салқынкөл ауылдық округтері құрылды.
2002 жылы Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығына орай ауданға жазушы есімі берілді.
2010 жылы Приишим, 2013 жылы Гаршин ауылдық округтері таратылды.
Халқы
өңдеу1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
22135 | ▲23125 | ▲25952 | ▲54629 | ▼45538 | ▼39670 |
Тұрғындары 40 850 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (43,10%), қазақтар (32,80%), украиндар (10,50%), немістер (5,08%), беларустар (2,54%), татарлар (1,59%), поляктар (0,67%), әзербайжандар (0,61%), ингуштар (0,53%), башқұрттар (0,35%), чуваштар (0,25%), армяндар (0,24%), мордвалар (0,22%), басқа ұлт өкілдері (1,52%).
Әкімшілік бөлінісі
өңдеу62 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2009) |
---|---|---|---|
Андреев ауылдық округі | Андреевка ауылы | 3 | 2466 |
Бірлік ауылдық округі | Бірлік ауылы | 2 | 1192 |
Возвышен ауылдық округі | Возвышенка ауылы | 6 | 1162 |
Дружба ауылдық округі | Дружба ауылы | 3 | 2460 |
Көкалажар ауылдық округі | Көкалажар ауылы | 3 | 1155 |
Қырымбет ауылдық округі | Қырымбет ауылы | 2 | 756 |
Ломоносов ауылдық округі | Ломоносовка ауылы | 4 | 2460 |
Нежин ауылдық округі | Нежинка ауылы | 5 | 3321 |
Новоишим ауылдық округі | Новоишим ауылы | 1 | 11284 |
Новосел ауылдық округі | Новосёловка ауылы | 3 | 2241 |
Рузаев ауылдық округі | Рузаевка ауылы | 6 | 5993 |
Салқынкөл ауылдық округі | Салқынкөл ауылы | 2 | 597 |
Тахтаброд ауылдық округі | Тахтаброд ауылы | 5 | 2281 |
Червонный ауылдық округі | Червонное ауылы | 3 | 1964 |
Чистополь ауылдық округі | Чистополье ауылы | 6 | 3839 |
Шөптікөл ауылдық округі | Шөптікөл ауылы | 5 | 1514 |
Шұқыркөл ауылдық округі | Шұқыркөл ауылы | 3 | 853 |
Аудан экономикасы (2009 жылдың қорытындылары)
өңдеуАуданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 383 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 9 - iрi, 48 - орта, 326 - шағын кәсiпорын. Олардан 150 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 231 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,7%-ы өндiрiлген (32 742,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 5 918,1 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 8,6%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 110,7% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 1 705,4 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 132,4% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 34 367,2 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 40,1% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 6 835,0 млн.теңге құрады. Пайдалануға 11,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 28,1 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 13,5% өсiп, 41 195 теңгенi құрады. Нақты жалақы 6,0% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 28 174 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 810 теңге құрады.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихы бойынша анықтамалық (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2007 ж.)
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары