Мазмұнға өту

Палеозой

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Палеозой заманы
542—251 млн ж. бұрын
Палеозой оқиғалары
Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу
-550 —
-500 —
-450 —
-400 —
-350 —
-300 —
-250 —
Палеозой басты оқиғаларының шамаланған шәкілі.
Тік білік: бірнеше миллион жыл бұрын.

"Палеозой тобы "және "палеозой эрасы "терминдерінін қысқаша атауы.

Палеозой тобы (эратемасы).

Жер қыртысына тиесілі тау жынысы қабаттарының фанерозой эонотемасына қарасты, яғни протерозой эонотемасынан(кембрийге дейінгі эонотемадан) есептегендегі алғашқы тобы; алты жүйеге жіктеледі, олар (төменнен жоғары қарай):

жүйелері.

Палеозой эрасы. Жер дамуының фанерозой эонына қарасты, яғни протерозой эоны (кембрыйге дейінгі эон) аяқталғаннан кейінгі алғашқы эра; 540 — 250 млн жылдар аралығын қамтыған, жалпы ұзақтығы шамамен 290 млн жыл шамасында деп есептеледі; алты кезеңге жіктеледі, олар:

  • кембрий кезеңі,
  • ордовик кезеңі,
  • силур кезеңі,
  • девон кезеңі,
  • таскөмір (карбон) кезеңі
  • перм кезеңі.[1]

Палеозой (көне грекше: παλαιο — «көне» және көне грекше: ζοιον — «жәндік», бірге «көне тіршілік» мағынасында) — фанерозой эоны замандарының алғашқысы (542—251 млн жыл).

Кембрий, ордовик және силур кезеңдері астыңғы палеозой субзаманын, ал девон, карбон және перм кезеңі үстіңгі палеозой субзаманын құрайды. Палеозой кезінде екі үлкен орогенез орын алған: астыңғы палеозой кезіндегі Каледон және соңғы палеозой кезіндегі Варискан.

Соңғы Палеозой заманында өркендеген Перм кезеңінде жойылған Трилобиттердін бірі

Палеозой фауналары көптеген омыртқасыз ағзалардың болғанымен белгіленеді, оның ішінде трилобиттер (Trilobita), грабтолиттер (Grabtolithina), иінаяқтылар (Brachiopoda), сефалоподтар (Cephalopoda) және маржандар. Заманның соңында амфибия мен рептилиялар әр-түрлі биологиялық топтаныстардың зор компоненті болды, ал алып талды циатея (Cyathea arborea), атқұйрық (Equisetum) және цикадалар ормандардың кең таралуына себепші болды.

Палеозой терминін алғаш 1838 ж. ағылшын геологы А.Седжвик (1785 – 1873) ұсынған. Палеозой осыдан 540 – 250 млн. жыл бұрын басталып, ұзақтығы 290 млн. жылға созылған эра. Құрамына кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір (карбон), пермь дәуірлері енеді. Бұл дәуірлер геологиялық картада төменгі Палеозой (кембрий, ордовик), ортаңғы Палеозой (силур, девон), жоғарғы Палеозой (таскөмір, пермь) деп бөлінеді. Палеозойдың басында Гондвана мен солтүстік құрлықтардың (Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Корея) және оларды бөлетін мұхиттардың (Палеоатлант, Палеотетис, Палеоазия) нобайы айқындалған. Бұл мұхиттардың ені мыңдаған км-ге, ал тереңдігі мыңдаған м-ге жеткен. Олардың өмір сүру ұзақтығы да әр түрлі. Ең бірінші Палеоатлант (Япетус) девонның басында жабылып, карбонның ортасына дейін Палеотетис өмір сүрген, ал Палеоазия палеозойдың соңында Лавразия алып құрлығын жасап барып жабылған.

Тіршілік әлемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұндағы айқын өзгеріс венд пен кембрий шебінде болды, қаңқалы организмдер – трилобиттер, моллюскілер, т.б. өмірге келген. Бұл өзгеріс протерозой мен фанерозойды жіктеуге негіз болды. Алғаш кең таралған бақалшақтылар карбонатты емес, фосфатты болған. Ордовик-силурда алғашқы омыртқалыларбалықтар, карбонда қосмекенділер (амфибиялар), яғни құрлыққа шыққан жануарлар пайда болды. Силур-девонда алғашқы құрлық өсімдіктері өсіп, соңғы девон-карбонда қалың өсімдік жабыны пайда болған, нәтижесінде көміржаралу кеңінен таралған.

Пайдалы қазбалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орал, Сарыарқа, Алтай-Саян, Тянь-Шань, т.б. қатпарлықтарында калцедон және герцин интруз. тау жыныстарымен тектес көптеген металл кендері бар. Шөгінді тау жыныстармен қоса мұнай-газ, ірі көмір алаптары (Қарағанды, Екібастұз, Донбасс, Ертіс маңы, Кузбасс, Гондвана, т.б.), жанғыш тақтатас (Балтық маңы), мысты құмтастар мен тақтатастар (Жезқазған, Орал бөктері, Маңғыстау, Атбасар, т.б.) кендері жаралды. Одан басқа фосфорит (Қаратау, АҚШ), боксит (Орал, Салаир), шөгінді темір-марганец кентастары (Атасу, Жезді, Рейн алабы, Саян, т.б.), тұз кендері (Соликамск, Иран-Пакистан, т.б.) де Палеозой тау жыныстарымен қатарлас. Қоры мол, қолайлы жағдайларда орналасқан әр текті құрылыс тастары, цементтік шикізат, асыл, әшекей, қаптама тастар да көп кездеседі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Paleozoic
Фанерозой эоны
Палеозой заманы Мезозой заманы Кайнозой заманы
Палеозой заманы
Кембрий Ордовик Силур Девон Карбон Перм