Мазмұнға өту

Итаю

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Итаю

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Сусарлар тұқымдасы
Кіші тұқымдасы: Mellivorinae[1]
Тегі: Mellivora
(Storr, 1780)
Түрі: M. capensis
Екі-есімді атауы
Mellivora capensis
(Иоганн Христиан фон Шребер, 1776)
Ареал
Ареал

Итаю (лат. Mellivora capensis) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.


Негізінен Африкада, Азияда, Түрікменстанда мекендейді, ал Қазақстанда Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі. Дене тұрқы 68 – 75 см, құйрығының ұызндығы 17 – 20 см. Аяқтары қысқа, табаны жалпақ, жер қазуға бейімделген ұзын, өткір тырнақтары бар. Терісін сирек, қатты түктер жапқан. Бауыры қара-қоңыр, арқасы ашық түсті келеді. Итаюдың тіршілігі аз зерттелген. Негізінен кешке қарай не түнде белсенді тіршілік етеді. Қыс қатты суық болғанда ұзақ мерзімге қысқы ұйқыға кетеді. Жылына 1 рет көбейеді. Қыркүйекқазан айларында ұйығып, 7 айдан кейін аналығы 1 – 2 бала табады. Итаю – қорек талғамайтын жануар. Олар омыртқасыздармен және омыртқалылармен (кесіртке, ұсақ құстар, қоян, құмтышқан, т.б.), өсімдік тамырымен, жемісімен қоректенеді. Әсіресе, Итаю – тасбақалардың жауы, оларды інінен қазып алып жейді. Қазақстанда 1983 жылдан бері 10 – 15 дарабасы ғана тіркелген. Өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).

I-шы санат. Өте сирек түр Шектеулі территорияда бірен-сарандары кездеседі.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туыстың Әлемдік фаунадағы бірден-бір өкілі Қазақстанда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді.

Оңтүстік, Оңтүстік-батыс Үстірт, Маңғыстау облысындағы Қарындарықайпаты.

Мекендейтін жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оңтүстік Үстіртте – шыңдардың тілімделген терең шатқаулары, жотадағы жазықтардың шыңдары мен сайлары. Оңтүстік-батыс Үстіртте – сексеуілдері және алуан түрлі шөптес өсімдіктері бар, шұңқыры, сайы, қуысы жеткілікті ойлы-қырлы жазықтар. Қарынжарықта –Кендірлі соры мен Қаясанирек жарларымен тектесетін, ұзын суайрықтары, сайлар кесіп өтетін, баялыш, қараған, сексеуіл, курчавка өскен жазық учаскелер.

Бірен-сарандары кездеседі. 1983 жылдан бастап, бірінші табылуы, 10-15 аң есепке алынған. Қазақстандағы саны бірнеше ондықтан аспауы мүмкін.

Негізгі шектеуші факторлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кездейсоқ кездескенде адамдардың өлтіруі, ірі жыртқыштарға салынған қақпанға түсу.

Биологиялық ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Итаю

Өте нашар зерттелген. Ымыртта-түнде, ал салқын кездерде күндіз де белсенді. Қыста суық кенеттен түскен жағдайда, қысқа мерзімді ұйқыға кетеді. Өзі қазған ��ай індерде, немесе несіз құмтышқандары мен басқа аңдардың індерін кеңейтіп, сонда тұрады. Жылына бір рет көбейеді, қыркүйек-қазанда ұйығады. Буаздылық – 7 айдай, күшіктері наурыз-сәуірде пайда болады. 1-2 күшік туады. Қорегінің құрамында омыртқасы мен майда омыртқалы жануарлар (кесірткелер, майда құстар, құмтышқандары, кіртілер, құм қояндары, тасбақалар) кездеседі. Өсімдіктің тамыры мен жемісін жейді. Жаулары – қасқырлар, қойшылардың иттері. Бәсекелестері – түлкі, шұбар мысық, басқа жыртқыштар.

Қолда өсіру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ашхабад хайуанаттар паркінде ұсталады.

Қабылданған қорғау шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үстірт қорығында, Кендерлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағында қорғалады.

Қорғауды керек ететін шаралар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Итаюдың кездесетін көп жері Үстірт қорығына жақын орналасқан. Бұл учаскелерді осы қорықтың құрамына қосу керек, өйткені бұл жерлерде төрт жолақты абжылан, жорға дуадақ, қарақал, қарақұйрық мекендейді.

Зерттеу үшін ұсыныстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жүйелі түрде түрдің экологиясын, таралуын және санын зерттеу. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

  1. Steve Jackson Honey Badger.... Тексерілді, 6 шілде 2011.
  2. 1. Коринфский, 1986; 2. Плахов, 1988; 3. Плахов, 1991; 4. Плахов, 1996; 5. Сапоженков и др., 1963.