Зікір

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Зікір (арабша еске алу, еске түсіру, жадына сақтау) – 1) сопылық ілімде – Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау. Зікір уақыт пен мекен талғамайды, жүрекпен жасалады және тілмен айтылады. Жүректің зікірі, яғни “қалби зикр” – көңіл арқылы Алла тағаланың сипаттарының сәулесін танып білу; Алланы әрдайым еске ала отырып, оның әмірлерін терең түсіну және ұжданның түкпірінен келген қалтқысыз сезіммен оны құлай сүю. Тілмен айтылатын зікір, яғни “лисан-и зикр” – Алла сөзін немесе “Лә иллаҺа иллаллаҺ” тіркесін қайталап айтудан тұрады. Тариқатта сопылар жиналып, шейҺ немесе пірлердің бақылауында “АллаҺ-АллаҺ”, “Һу-Һу”, “хай-хай” сияқты тіркестерді белгілі бір жүйемен қайталап отырады. Зікір дауыстап айтылатын “жаҺри зикр”, үнсіз салынатын “Һафи зикр” болып та бөлінеді;
2) бақсылардың сырқатты “емдеу әдістерінің” бірі. Ол үшін бақсы ” жын-перілерді” шақырып, зікір салған. Зікір салу қазақ халқы арасында Қазан төңкерісіне дейін орын алып келген.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]