Үлгі:Басты бет/Жаңалықтар/2017
Көрініс
қаңтар
[қайнарын өңдеу]- 29 қаңтар - Алматы қаласында 28-ші қысқы Универсиада ойындары басталды.
ақпан
[қайнарын өңдеу]- 19 ақпан - Саппоро қаласында 8-ші қысқы Азия ойындары басталды.
наурыз
[қайнарын өңдеу]- 10 наурыз - Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
- 10 наурыз - Корея Республикасының Конституциялық Соты президент Пак Кын Хені биліктен аластатып жіберді.
- 10 наурыз - Археологтар құбырларды тазалау жұмыстары кезінде Рамсес ІІ ескерткішін тапты.
- 22 наурыз - Алматы облысының екі миллионыншы тұрғыны өмірге келді.
сәуір
[қайнарын өңдеу]- 12 сәуір - Назарбаев 2025 жылы қазақ әліпбиінің толығымен латын әліпбиіне көшетінін мәлімдеді.
қазан
[қайнарын өңдеу]- 10 қазан - Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон, оның орынбасары Ориол Жункарес және парламент спикері Карме Форкадель тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойды.
- 15 қазан - Қырғызстандағы президент сайлауында Сооронбай Жээнбеков (суретте) жеңіске жетті.
- 27 қазан - Латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі бекітілді.
қараша
[қайнарын өңдеу]- 5 қараша - Сауд Арабиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комитет өз жұмысының алғашқы күнінде 11 ханзаданы тұтқындады.
- 9 қараша - Атақты механизатор, Социалистік Еңбек ері атанған тың игеруші Кәмшат Дөненбаева 80 жасында өмірден озды.
- 14 қараша - Зимбабведе әскери төңкеріс болып, мемлекет президенті тақтан тайдырылды.
- 17 қараша - Сауд Арабиясы королі Салман Бен Абдель Азиз Аль Саудтың орнына таққа оның ұлы отыратындығы жөнінде мәлімдеме таратылды.
- 18 қараша - Қытайда әлем бойынша алғаш рет жасалған адамның басын трансплантациялау отасы сәтті өтті.
- 18 қараша - Швецияда адам ағзасын басып шығаратын 3D-принтер қолданысқа шықты.
- 24 қараша - абайтанушы, жазушы, ғалым Төкен Смайылұлы Ибрагимов (1939) дүниеден өтті.
- 24 қараша - Мысырда Синайдың солтүстігіндегі мешітте жарылыс болып, террорлық акт құрбандарының саны 305 адамға жетті.
- 25 қараша - Украина ҰҒА-ның демографиялық институты аштық кезінде қырылғандар туралы жаңа деректерінде 1932-34 жылдарында қаза тапқандар саны бойынша Қазақстан бірінші орында тұрғандығын хабарлаған.
- 26 қараша - Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев 95 жасқа қараған шағында өмірден озды.
- 30 қараша - Алматыдағы басты көшелердің бірі Фурманов көшесін "Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев" деп атау туралы шешім шығарылды.
Желтоқсан
[қайнарын өңдеу]- 2 желтоқсан - Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ император Акихитоның 2019 жылдың сәуір айында тақтан кететінін мәлімдеді.
- 3 желтоқсан - Димаш Құдайберген Қытайда "Жылдың ең үздік əншісі" атанды.
- 4 желтоқсан - Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі «Қазпоштамен» бірлесе отырып пациент үйіне дейін адресті жеңілдікті дәрі-дәрмекті жеткізуді қамтамасыз ету жүйесін енгізуді қолға алды.
- 5 желтоқсан - Грузияның бұрынғы президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді Украина Қауіпсіздік қызметі Киевте тұтқындады.
- 5 желтоқсан - Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарында өз туының астында өнер көрсетуіне тыйым салды.
- 7 желтоқсан - ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұраны қорғау Үкіметаралық комитетінің 12-ші сессиясында Қазақстанның «Қазақ дәстүрлі асық ойыны» өтінімі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді.
- 8 желтоқсан - ҚМДБ төрағасы Ержан Малғажұлы Маямеров Бас мүфти қызметінен кетіп, орнына Серікбай Ораз сайланды.
- 8 желтоқсан - АҚШ Иерусалимді Израиль астанасы ретінде мойындағаннан кейін, палестиналықтардың жаппай қарсылық шарасы басталды.
- 10 желтоқсан - Қазақстанда құсбегілікті дамытқан, осы дәстүрмен түбегейлі айналысқан бүркітшілерге «спорт шебері» деген атақ берілетін болды.
- 11 желтоқсан - Ирак билігі ДАИШ-пен арадағы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.
- 12 желтоқсан - 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан экостандартты дизель отыны мен К4 және К5 класты бензиндеріне көшеді.
- 14 желтоқсан - Молдова билігі мемлекеттік тілді молдован тілінен румын тіліне ауыстырды.
- 14 желтоқсан - Қазақстан Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталды.
- 14 желтоқсан - 2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген бірыңғай стандарттарға сәйкес, лимон түске боялып, жарық шағылыстыратын қызғылт элементтері болады.
- 15 желтоқсан - Қазақстан Халық банкінің директорлар кеңесі Қазкоммерцбанкті кезең-кезеңмен қосып алуды мақұлдады.
- 16 желтоқсан - Қазақстан футболы тарихындағы үздік ойыншылардың бірі, «Қайраттың» көп жылғы капитаны Тимур Сегізбаев 76 жасында қайтыс болды.
- 17 желтоқсан - "Қыз Жібек" фильміндегі Төлеген рөлімен көпшіліктің жүрегін жаулаған белгілі кино және театр актері, Қазақстанның халық артисі Құман Тастанбеков өмірден озды.
- 19 желтоқсан - Криптовалюталар жөніндегі атақты Bitcoin.com кәсіби сайтының құрушыларының бірі және техникалық директоры Эмиль Ольденбург өзінің барлық биткоиндарын сатып жібергендігін мәлімдеді.
- 20 желтоқсан - Бішкектің Октябрь аудандық соты экс-президент Құрманбек Бәкиев пен оның ағасы Жаныш Бәкиевті 10 жылға бас бостандығынан айырды.
- 20 желтоқсан - Facebook әлеуметтік желісі қолданушыға оның суретінің жүктелгені туралы хабарлап отыратын жаңа функцияны іске қосатындығын мәлімдеді.
- 22 желтоқсан - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Иерусалим қаласын Израильдің астанасы деп санаудан бас тартты.
- 28 желтоқсан - Иранның Тегеран, Мешхед, Исфахан мен Решт сияқты ірі қалаларында әлеуметтік жаппай ереуілдер басталды.