Мазмұнға өту

Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық-симфониялық оркестрі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық-симфониялық оркестрі (19591997) – мәдени-концерттік ұжым. Оркестрлік шығармалар мен эстрадалық әндерді радио және телевизия арқылы насихаттаумен шұғылданған.

1959 жылы эстрада оркестрі болып ұйымдасты. 1972 жылдан Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық-симфониялық оркестрі деп аталды. Оркестрдің тұңғыш ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі әрі дирижері В.П. Каретников (1959 – 1960) болды.[1] Одан кейін В.К. Лисица (1960 – 1970) және А.В. Гурьянов (бас дирижері, 1971–1983) жетекшілік етті. 1984 жылдан бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі – композитор К.Дүйсекеев болды.

Оркестр құрамында 35-тен астам өнер шебері қызмет жасады. Репертуарына оркестрлік шығармалар (увертюра, поэма, прелюдия, рапсодия, фантазия, эстрадалық пьесалар мен би музыкасы), эстрадалық әндер енді.


Әнші-солистер қатарында С.Әбусейітов, Г.Рәзиева, Е.Хасанғалиев; Л.К. Кесоглу), В.Қармысова, З.Қойшыбаева, Р.Мұсабаев, Л.Төлешова, т.б. дарынды әншілер өнер көрсетті.

Ұжым негізінен Қазақстан компартияларының шығармаларын радио мен телевизия арқылы насихаттаумен айналысты. БАҚ-тың нарықтық қатынастарға енуіне байланысты 1997 жылы ұжым тарқатылды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8