Мазмұнға өту

Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - Қазақстанның ұлттық, әрі ең ірі кітап қоры. Алматы қаласында орналасқан.

1910 жылғы 31 желтоқсанда Л. Толстой атындағы Верный қалалық кітапхана болып құрылды. 1920 жылы бұл кітапхана негізінде Жетісу облыстық көпшілік кітапхана құрылды. Кейін атауы Алматы губерниялық кітапхана, өңірлік кітапхана деп өзгертілді.

Қазақ АКСР Орталық Атқару комитеті Төралқасының 1931 жылғы 12 наурыз күні шыққан «Қазақ АКСР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» Қаулысымен Мемлекеттік көпшілік кітапхана мәртебесі берілді. 1937 жылғы ақпанда орыс ақыны Пушкиннің өлгеніне 100 жыл толуына орай кітапханаға соның аты берілді.

Кітапхана Республикадағы ең ірі кітап қорына айнала бастады. Мұнда Кеңес Одағының түкпір-түкпірінде жарық көрген басылымдар сақталып, ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмысының негізгі орталығы атанды. Кітап қоры 1931 жылы небәрі 64 мыңды құраса, 1982 жылы 4 миллион данадан асты. Ал оқырман саны 1940 жылғы 9 мыңнан 1982 жылғы 55 мыңға дейін өскен еді.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1991 жылғы 9 желтоқсан күні шыққан №775 Қаулысы бойынша Пушкин атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік кітапханасы Қазақ КСР Ұлттық кітапханасы деп өзгертілді. Тәуелсіздік алған соң, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы атауы берілді.

Кітапхана ғимараты Қазақ Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы №8 Қаулысының және ҚР «Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану туралы» Заңының 11 және 19 баптарының негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Кітапхана қорында әлем халықтарының тілдерінде 7 млн сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман келеді. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырманға арналған 15 оқу залы қызмет көрсетеді, оның ішінде 14-і мамандандырылған. Олар 1500 оқырманға бір уақытта қатар қызмет көрсете алады.[1]

Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар..

1990 жылы ҚР ҰК Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері Федерациясының құрамына кірді. (ИФЛА) және Еуразия кітапхана ассамблеясының (ЕКА) тең құрылтайшысы болды. Толеранттылық, білім, диалогқа ашықтық «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» жобасының негіз қалаушы идеялары болып табылады. ҚР ҰК-ғы шетелдердің мәдениет Орталықтары ақпаратты сақтауға, күшейту мен беруге, мәден�� дәстүрлердің жаңғыруы мен халықтардың нақты өзара ықпалдастығына жәрдемдеседі және өздерінің қызметі арқылы «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» бағдарламасын іске асырады. ҚР Ұлттық кітапханасында Ресейлік зерттеулер, Қытай, Пәкістан, Түркия мәдениет Орталықтары, Үндістанды зерделеу, Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу Орталықтары жұмыс істейді. Оқырмандарға әдебиет, Интернет-ресурстар, CD және DVD-материалдар, кітап және өнер туындыларының көрмелері, мәдениет және ғылыми қайраткерлерімен кездесулер арқылы түрлі халықтардың мәдениеті туралы ақпарат беріледі. 2007 жылы Америка мәдениет Орталығын ашу жоспарланды. Тепе-тең бастамаларда Қытай кітапханаларының бірінде Қазақстан мәдениет Орталығы ашылады. Осындай Орталықты Қырғызстан Ұлттық кітапханасында (Бішкек) және Ресей мемлекеттік кітапханасында Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ресурстары Орталығын ашу ұйғарылды (Мәскеу). [2]

Келесі тізімде кітапхананы басқарған директорлар тізімі хронологиялық тәртіппен келтірілген:

  1. Жандосов Ораз Қыйқымұлы – алғашқы директор
  2. Шмелева Е. Н.
  3. Дәулетова Н. К.
  4. Бердіғалиева Роза Аманғалиқызы (1987 – 2003)
  5. Әуезов Мұрат Мұхтарұлы (2003 – 2007)
  6. Исахов Орынбасар (2007 – 2011)
  7. Балабекова Гулиса Қабарқызы (2011 – 2014)
  8. Асқар Әлібек (2014 – 2016)
  9. Сейдуманов Жанат Тұрарұлы (2016 – 2019)
  10. Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы (2019 бастап)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9