Ырсай Ділбарханова
Ырсай Ділбарханова (2 ақпан 1952 жылы туған, Түркістан облысы, Шардара ауданы) – биология ғылымының докторы (1998), профессор (2000).
Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын (1974, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) бітірген. 1976–90 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясында ғылыми қызметкер, 1990–92 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі, 1992–96 ж. Түркістан университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, 1999 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институтында кафедра меңгерушісі. 60-тан астам ғылыми еңбегі жарияланған. «Белоктар, белоктар биосинтезі, молекулалық генетиканың негіздері», «Ферменттер» оқулықтары жарық көрген.[1]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |