Мазмұнға өту

Шәріпхан Жеңісханұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шәріпхан Жеңісханұлы Көгедаев , Шәріпхан төре (1900, ҚХР, Алтай ауданы — 1941, Үрімжі қаласы) — Қытай қазақтарының әлеуметтік теңдігі мен дамуы үшін күрескен саяси қайраткер. Төре әулетінен шыққан. 19221927 ж. Үрімжідегі Моңғол-қазақ училищесінде оқыған. 19271929 ж. Алтай аймағы Бурылтоғай ауд-ның әкімі болды. Бірақ Шыңжаң ген.-губернаторының қазақтарға қарсы саясатына қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастырғаны үшін қызметінен босатылды. 19311932 ж. Ганьсу провинциясынан Үрімжіге, одан Алтайға келіп, аймақ орталығы Сарсүбені басып алған дүнген генералдары Ма Рулун және Ма Хыиндарға қарсы қазақ, моңғол әскерлеріне қолбасшылық жасап, оларды Алтай аймағынан қуып шықты. Осы қызметі үшін Алтай аймағының әкімі және Алтайдағы “Империализмге қарсы тұру қоғамы” төрағасы міндеттерін атқарды. Әкім ретінде аймақтағы мәдени оқу-ағарту істерін дамытуға күш салды. “Жаңа Алтай” журналын шығарып, демокр., ұлттық теңдік идеяларын насихаттап, халықтың санасын оятты. 1940 ж. Шыңжаң ген.-губернаторының бұйрығымен тұтқындалып, Үрімжі түрмесіне қамалды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]