Мазмұнға өту

Шри-Ланка

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Цейлон бетінен бағытталды)
Координаттар: 7°45′00″ с. е. 80°46′00″ ш. б. / 7.75000° с. е. 80.76667° ш. б. / 7.75000; 80.76667 (G) (O) (Я)
Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы
сингал. ශ්‍රී ලංකා ප්‍රජාතාන්ත්‍රික සමාජවාදී ජනරජය
там. இலங்கை சனநாயக சோசலிசக் குடியரசு
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Sri Lanka Matha» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні 4 ақпан 1948 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі Сингаль тілі және тамиль тілі
Елорда Шри-Джаяварденепура-Котте (астаналық қызметтердің бөлігін Коломбо қаласы атқарады)
Ірі қаласы Коломбо
Үкімет түрі Аралас республика
Президенті
Премьер-министрі
Майтрипала Сирисена
Ранил Викрамасингхе
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 120-шы орын
65 610 км²
4,4
Жұрты
• Сарап (2018)
• Санақ (2012)
Тығыздығы

21 670 000[1] адам (57-ші)
20 277 597[2] адам
327 адам/км² (43-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

292,793 млрд.[3] $ (61-ші)
13,500[3] $ (91-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

92,504 млрд.[3] $ (66-шы)
4,265[3] $ (109-шы)
АДИ (2017) 0,770[4] (жоғары) (76-шы)
Валютасы Шри-Ланка рупиясы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .lk .இலங்கை
ISO коды LK
ХОК коды SRI
Телефон коды +94
Уақыт белдеулері +5:30

Шри-Ланка (сингал. ශ්‍රී ලංකා, там. இலங்கை), толық атауы Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы (сингал. ශ්‍රී ලංකා ප්‍රජාතාන්ත්‍රික සමාජවාදී ජනරජය, там. இலங்கை சனநாயக சோசலிசக் குடியரசு) (1972 жылдың 22 мамырына дейін Цейлон) — Оңтүстік Азиядағы Цейлон аралында орналасқан мемлекет. Британ Достастығы құрамына кіреді. Шығысын Бенгаль шығанағы, оңт-н Үнді мұхиттың ашық айдыны шаяды. Шри-Ланка 1955 жылдан БҰҰ-ға мүше.

Жер аумағы 65,6 мың км². Халқы 43%-ы миллион адам (2001). Тұрғындарының 57%-ы сингалдар, 18%-ы тамилдер, қалғандары маврлар (арабтардың ұрпақтары), бюргерлер, веддалар, малаялықтар, еуропалықтар (негізінен ағылшындар). Ресми тілдері сингал, тамил, ағылшын тілдері. Діні – буддизм (70%), индуизм (15%), христиан (8%), ислам (7%). Астанасы – Шри-Джаявардена-Пура-Котте қ. (Коломбоның іргесінде). Әкімш. жағынан 9 провинцияға бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғ. заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні, 4 ақпан (1948). Ақша бірлігі – Шри-Ланка рупиясы.

Археологиялық ескерткіштер аралды ерте тас дәуірінде аңшы тайпалардың мекендегенін дәлелдейді. Бұл тайпалар осы заманғы веддалардың арғы тегі болуы ықтимал. — біздің заманымыздан бұрын 5 ғ-да Шри-Ланкаға Үндістаннан қоныс аударушылар көптеп келе бастады. — біздің заманымыздан бұрын. 3 ғ-да астанасы Анурадхапура болған алғашқы мемлекеттік бірлестік құрылды. Осы ғасырда аралға будда діні енді. Кейіннен буддизм мемлекеттік дінге айналды. Жалпы елдің ежелгі және орта ғасырлар тарихы жөніндегі жазба деректер өте аз сақталған. Бір белгілісі ұзақ уақыт бойы үздіксіз соғыстар елдің бірігуіне кедергі жасап, мемлекет бірқатар иеліктерге бөлінді. 15 ғ-да аралдың батысы мен оңтүстік-батысында Котте деп аталатын сингал мемлекеті ірге тепті. Орталық таулы өлкеде Канди атты мемлекет, солт-те тамилдік Джафна мемлекеті өмір сүрді. 1505 жылдан Котте мемлекетінде португалдардың ықпалы күшейе бастады. Шри-Ланкаға 1518 – 1658 жылы Португалия, 1658 – 1795 жылы Нидерланд иелік етіп, 1795 – 96 жылы аралды Англия басып алды. Жергілікті халық отаршылдарға қарсы бірнеше рет көтеріліс жасағанымен, олар аяусыздықпен басылды. 19 ғ-дың 30-жылдарынан елде кофе өсіріле бастады. Жергілікті тұрғындардан тартып алынған жерлерде плантациялар құрылып, дақылдарды өндіру мен оны сыртқа шығару ісінде ағылшындар билік жүргізді. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап, тұрғындар арасында ағартушылық және діни-реформаторлық ағымдар (буддизм, индуизм) өріс алды. Ұлттық мәдениет өркендеп, отаршылдарға қар-сы күрес күшейді. Алғашқы саяси партиялар құрылды. Ұлт-азаттық қозғалыстың күшеюінен қорыққан Ұлыбритания өкіметі 1948 жылы 4 ақпанда Цейлонға доминиондық құ-қында тәуелсіздік беруге келісті. 1950 – 60 жылы шетелдік әскери базалар әкетіліп (1957), экономикада мемлекеттік сектор кеңейді, агр. реформа жүргізілді. Сыртқы саясатта әскери блоктарға қосылмау саясаты жүргізілді. 1972 жылы 22 мамырда Цейлон Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы болып жарияланды. Жаңа конституция бойынш Шри-Ланка Ұлыбританиядан саяси тәуелсіз елге айналды. Бірақ көп ұзамай елде үкімет әскері мен тамил сепаратистері арасында азамат соғысы басталып, ол әлі күнге дейін жүріп келеді. Сингал-тамил этн. жанжалы барысында 65 мыңнан аса адам қаза тауып, жүз мыңдаған адам босқынға ұшырады. 1987 жылы елдің солтүстік-шығысын мекендейтін тамилдерге автономия берілді. Елге Үндістан әскерінің контингенті енгізілді. Осы жағдайға байланысты 1991 жылы тамилдік лаңкестер Үндістанның премьер-министрі Раджив Гандиді өлтірді. 1993 жылы Шри-Ланка президенті Ранасингхе Премадаса қазаға ұшырады. Дегенмен, көтерілісшілер тобы мен үкімет 2002 жылы Норвегияның араласуымен бейбіт келісімге келді. 2004 жылы ел цунамиден қатты зардап шекті. 38 мыңнан аса адам қаза тауып, 6 мың адам із-түзсіз кетті. Жүз мыңдаған адам үйсіз қалды. Осыған байланысты әлемдік қа-уымдастық тарапынан Шри-Ланкаға көлемді қаржылық көмек беріліп, бүлінген экономиканы қалпына келтіру бағдарламасы жүргізілді. Бірақ 2005 жылы тамилдер мен үкімет әскерлері арасында ұрыс қимылдары қайтадан басталды. Тамилдер елдің солтүстік және шығыс провинцияларын бақылауда ұстауда. Осы аумақта олар өздерінің Тамил Илам тәуелсіз мемлекетін жариялаған. Бірақ ол халықар. дәрежеде мойындалмаған.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шри-Ланка жері негізінен жазық. Оңтүстіктің баспалдақты таулы-қырат (ең биік жері – Пидуруталагала тауы, биіктігі 2524 м), оңтүстік-батыс бөлігін аласа Раквана тауы (биік жері Гонгала тауы, 1359 м) алып жатыр. Жағалауы негізінен аласа, маржанды рифтермен қоршалған, лагуналар көп. Оңтүстік және шығыс жағалауы қойнаулы келеді. Пайдалы қазбалары – графит, асыл тастар, фосфат, гранит, мрамор, темір кентасы, монацитті құм. Климаты негізінен субэкваторлық, муссондық, оңт-нде экваторлық, ылғалды, солтүстік мен шығысында қуаң климат басым. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 2000 – 5000 мм (тау етегінде), 1000 – 2000 мм (қалған бөлігінде). Жылдық орташа темп-ра 27С (жазықта), 23 – 25С (тауда). Өзендері қысқа, бірақ суы мол, гидроэнергия қорына бай. Ірі өзендері – Махавели, Калу, Келани. Өсімдік түрлеріне өте бай. Аумағының 44%-ы – орман және бұталы массив. Оңтүстік-батысында экваторлық орман, шығысында тропиктік, теңіз жағалауында мангралық орман басым өседі. Піл, қабылан, бұғы, буйвол, аю, шибөрі, құстардың көптеген түрлері мекендейді. 3 ұлттық саябақ (Вилпатту, Яла (Рухуну), Гал-Оя), 4 қорық және Канди қ-на жақын ірі ботаник. бақ – Перадения ұйымдастырылған.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шри-Ланка – аграрлы ел. Экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашығы Шай ш. дамыған (әлемде шай өндіруден 4-орын алады). Табиғи каучук өндіріледі. Какао, бұрыш, кардомон өнімдерінің экспорттық маңызы зор. Басты азық-түлік дақылдары: күріш, тары, жүгері, бұршақ, батат, кокос жаңғағы. Сонымен қатар тары, жеміс-жидек, қант қамысы, темекі, т.б. өсіріледі. Мал шаруашылығы онша дамымаған. Мүйізді ірі қара, буйвол, қой мен ешкі, үй құстары өсіріледі. Балық аулау мен теңіз кәсіпшілігі өркендеген. Елдегі 5 еркін сауда аймағында 150-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олар негізінен тоқыма өнімдерін өндіріп, экспортқа шығарады. Өзендерінен электр энергиясы алынады. Тамақ және тұтыну тауарлар өндірісі, мұнай айыру, цемент з-ттары, мата тоқу, киім тігу және аяқ-киім ф-калары, металл өңдеу, т.б. өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа шай, табиғи каучук, киім, кокос пальмасы өнімі, асыл тастар (негізінен сапфир) шығарады. Импортының негізін машиналар мен құрал-жабдықтар, мұнай, тамақ өнімдері, т.б. құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 3700 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері – АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Қытай,Иран, Корея Республикасы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Mid-year population projection. Тексерілді, 30 қазан 2018.
  2. Census of Population and Housing 2011 Enumeration Stage February–March 2012 (PDF). Department of Census and Statistics – Sri Lanka. Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 желтоқсан 2013. Тексерілді, 15 шілде 2014.
  3. a b c d World Economic Outlook Database, October 2018. International Monetary Fund.
  4. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.