Көкшетау Халықаралық Әуежайы
IATA: KOV (КОВ) – ICAO: UACK – LID: КЧТ—WMO: 28879
| |||
---|---|---|---|
Қысқаша мәлімет | |||
Әуежай түрі | Азаматтық | ||
Операторы | ҚТЖ «Airport Management Group» | ||
Қызмет көрсетеді | Көкшетау | ||
Орналасқан орны | Көкшетаудан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта орналасқан, Ақмола облысы, Қазақстан | ||
Тасымалдаушы Хабы | ● Көкшетау Әуекомпаниясы (жабылды) | ||
Теңіз деңгейінен биіктігі | 274 м / 899 ф | ||
Координаттар | 53°19′10″ с. е. 69°35′25″ ш. б. / 53.31944° с. е. 69.59028° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Ұшып-қону жолақтары | |||
Жолақ бағыты | Ұзындығы | Айдыны | |
м | фут | ||
02/20 | 2,850 | 9,350 | Асфальт |
Статистикасы (2018) | |||
Жолаушылар | 21 427 адам | ||
Source: AIP Kazakhstan[1] |
Көкшетау Халықаралық Әуежайы (IATA: KOV, ICAO: UACK) (ағылш. Kokshetau International Airport) — Қазақстан Республикасының Ақмола облысындағы Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы. 1945 жылы салынған. Ол Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 автожолының арасында орналасқан. 2018 жылы әуежай 21,427 жолаушыға қызмет көрсеткен (2017 жылмен салыстырғанда 2.7%-тік кему) және осы көрсеткіш бойынша қазақстандық әуежайлар арасында жолаушылар ағыны бойынша 17-ші орынды иеленді.
Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы (IATA) тағайындаған Көкшетау әуежайының үш әріптік коды KOV болып табылады, себебі Көкшетау бұрын Кокчетав деп аталды. "Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы" акционерлік қоғамының құрылымымен басқарылады.[2] Көкшетау қаласының әуежайында "SCAT" АҚ-ның Ақтау қаласына (Маңғыстау облысы) тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс, Шымкент қаласына тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс және "Qazaq Air" АҚ-ның Алматы қаласына аптасына 3 рет рейстері орындалады.
Орналасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 (бұрынғы Р393) автожолының арасында орналасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау әуежайының тарихы 1945 жылдың маусым айынан өзек тартады.[3] Шағын әуежай қаланың солтүстігінде, Қопа көлінің іргесінде орналасты 53°18′47″ с. е. 69°23′00″ ш. б. / 53.31306° с. е. 69.38333° ш. б. (G) (O) (Я).[3] Сол жылғы шілденің орта шенінде әуежайға алғашқы ПО-2 ұшағы келіп қонды. Оны басқарған 4-сыныпты ұшқыш Николай Бондарьды қалалықтар нағыз батыр ретінде құрметпен қарсы алды.[3]
Көкшетау тарихындағы ерекше оқиға ретінде, 1972 жылы қаланың шығыс беткейінде жаңа әуежайдың ашылуын айтуға болады. Бұл іске сол кездегі обкомның бірінші хатшысы, белгілі қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің айрықша үлес қосқанын құрметпен еске алғанымыз жөн. Салтанат шараларына екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов қатысып, жергілікті ұшқыштардың бойына жігер қосты.[3]
Модернизация
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қабылдайтын әуе көлігі түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әуежай азаматтық авиацияның Халықаралық ұйымы (ИКАО) стандарттары талаптарының 1-санатына жауап бере алады. Яғни, ұшып-қону алаңы жалпы салмағы 171 тонналық лайнерлерді, тікұшақтардың барлық түрін қабылдай алады.[3]
Airbus A320, Airbus A321, Airbus A330, Airbus A350, Boeing 757, Boeing 777, Boeing 787, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. Әуе көлігінің ең көп ұшу салмағы шектеусіз. Ұшу-қону жолағының (PCN) жіктеу саны 50/F/С/Y/T.[3]
Терминал
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сағатына 200 жолаушыны қабылдай алатын аэровокзал екі телескопиялық трап, лифт және эскалаторлармен жабдықталған.[3] Халықаралық Көкшетау әуежайда жолаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалумен бірге, тіркеу, шекаралық және кедендік ресімдеу орындары қарастырылған.[3]
Әуе компаниялары мен бағыттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жолаушылар рейстері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2023 жылғы мәлімет бойынша Көкшетау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады:
Маусымдық бағыттар |
Әуе компаниясы | Бағыттары | Ұшақ түрі | Рейс нөмірі | Ұшу уақыты |
---|---|---|---|---|
FlyArystan | Алматы | |||
SCAT | Ақтау | |||
SCAT | Алматы | |||
SCAT | Түркістан | |||
ИрАэро | Мәскеу |
Қызмет көрсеткіштері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жолаушылар легі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жолаушылар саны: | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
год | ||||||||||||||||||||
Жолаушылар саны | ||||||||||||||||||||
Өзгеру | ||||||||||||||||||||
Қазақстандағы орны |
Суреттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Әуежай құрылысы, 2015 жыл
-
Интерьер көрінісі
-
Ішінде
-
Паспорттық бақылау
-
Жүкті өңдеу жүйесі
Оқиғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Халықаралық Петропавл әуежайы (195 км)
- Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы (287 км)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ AIP Kazakhstan Мұрағатталған 16 маусымның 2013 жылы.
- ↑ Жете тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, өздеріне қатысты жете тексеру жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбелерін бекіту туралы.
- ↑ a b c d e f g h Көкшетау әуежайының әлеуеті күшейді. Тексерілді, 19 желтоқсан 2013.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Көкшетау Халықаралық Әуежайы
- Халықаралық Көкшетау Әуежайынан ұшып шыққан ұшақтар мен қонып жатқан ұшақтардың радарлық бағылаулары
|