Учан көтерілісі
Учан көтерілісі (қыт. 武昌起義, пиньинь: Wǔchāng Qǐyì) — 1911 жылы Қытайдағы Синьхай революциясының басын бастап берген қарулы көтеріліс.
Көтеріліс 1911 жылғы 10 қазанда Учан қаласында (қазіргі Ухань қаласы мен Яцзыдың оңтүстігі) басталды. Оған Учан горнизонының әскери күштері қатысты; әскерилерді қала мен ауыл тұрғындары қолдады.
Көтерілісті Гунцзиньнхой ме Вэньсюэшэ революция ұйымдары ұйымдастырды және басқарды. Көтеріліс Учан қаласында, сонан соң 1911 жылғы 11–12 қазанда Ханьхоу мен Ханьян қалаларында жалғасты. Нәтижесінде маньчжурлық Цин әулетінің өкімет билігін (1644–1911) құлатты. Хубэй провинцияның Пекин үкіметіне тәуелсіз екенін және басқарудың республикалық формасы енгізілетінін жариялады.
Көтеріліс жеңгенен кейін бір жұма ішінде Учан әскери-революция үкіметі ерікті революциялық армия құрды; солдаттар қатарлары шаруалардан, жұмысшылар мен оқушылардан құралды. Учан қаласы берік революциялық базаға айналды. Көтеріліс бүкіл елге тез тарады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998