Мазмұнға өту

Уссури

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

УссуриРесейдің Приморье және Хабаров өлкесіндегі өзен, Амурдың оң саласы. Орта және төменгі ағысында Қытай шекарасы бойымен ағады. Ұзындығы 897 км, алабының аум. 193 мың км². Сихотэ-Алинь жотасының оңт.-батыс беткейіндегі Даубихе, Улахе өзендерінің қосылған жерінен бастау алып, Хабаровск қ-ның маңында Амур өз-не құяды. Негізгі салалары: Сунгача, Арсеньевка (сол), Хор, Бикин, Үлкен Уссурка (оң). Орташа су ағымы 1100 м3/с. Негізінен муссондық жаңбыр суымен толығып, кең жайылмалы аңғармен баяу ағады. Наурыз айының соңынан тамызға дейін суы тасиды, кейде апатты тасқындар болады. У. алабында жалпы ауд. 4307 км² болатын 2,8 мыңнан аса көл бар. Жоғ. ағысында Лесозаводск қ-на дейін ағаш ағызылады. Балыққа бай, төм. ағысында кеме қатынасы бар.