Мазмұнға өту

Тәнеке батыр мазары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тәнеке батыр мазары
Жалпы мәлімет
Статусы

Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Түрі

киелі нысан

Сәулет стилі

қала құрылысы және сәулет

Орналасуы

Жетісу облысы, Ақсу ауданы

Картада орналасуы
Тәнеке батыр мазары (Қазақстан)
Тәнеке батыр мазары

Координаттар: 45°11′11″ с. е. 79°12′35″ ш. б. / 45.18639° с. е. 79.20972° ш. б. / 45.18639; 79.20972 (G) (O) (Я)

Тәнеке батыр мазарыЖетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген XIX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіші.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жетісу облысы, Ақсу ауданы жерінде, Арасан-Қапал жолы бойында орналасқан.

Тарихи деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ескерткіш - елде әулие саналатын, қазақ халықының аты шыққан ұлы - Тәнеке батырдың мазары. Тәнеке батыр Жетісудағы ұлт-азаттық қозғалыстың қаһарманы ретінде танымал. Батырдың мазары туралы алғашқы жазулар 1898-1899 жылдардағы Н.Н. Пантусовтың есебінде кездеседі. Аман қалған ескі фотосуреттерде Тәнеке батырды жерлеген жердің үстінде қабір төбешігі бар екендігі көрінеді. Қорымның жоғарғы алдыңғы бет жағы бесікке ұқсас затпен жабылған, ал артқы үстіңгі жағында жаңа айдың белгісі орнатылған. Қазір ескі мазардың құйылған кірпіштен қаланған бір ғана қабырғасы қалған. 1992 жылы Тәнеке батырдың ұрпақтары қара мәрмәрден жасалған қабірүсті тақтайша орнатты.
Мазарға жақын жерде мұздай таза су бұлағы бар, оны "Тәнеке бұлағы" деп атайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9