Мазмұнға өту

Сүлеймение мешіті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сүлеймение
түр. Süleymaniye Camii
Ел

 Түркия

Қала

Ыстанбұл

Статусы

Мешіт

Сәулет стилі

Осман сәулет өнері

Сәулетшісі

Синан

Құрылыстың бастамашысы

I Сүлеймен

Құрылысы

15501557 жылдары

Қазіргі жағдайы

істейді

Сыйымдылығы

шам. 5000

Күмбездің биіктігі

53 м

Күмбездің диаметрі

27,5 м

Мұнаралар саны

4

Мұнаралардың биіктігі

56/76 м

Қолданылған материал

Мәрмәр, гранит

Кітапхана

+

Мектеп

+

Медресе

+

Картада орналасуы
Сүлеймение мешіті (Түркия)

Координаттар: 41°00′59″ с. е. 28°57′49″ ш. б. / 41.01639° с. е. 28.96361° ш. б. / 41.01639; 28.96361 (G) (O) (Я)

Сулеймание мешіті (түр. Süleymaniye Camii) – Ыстанбұлдағы маңыздылығы жағынан екінші ал, көлемі бойынша бірінші мешіт.

Ішіне 5000 адам сыйдырады. Мешіт қаланың Вефа ауданындағы көне бөлігінде орналасқан. Ол Заңшығарушы Сұлтан Сулейманның бұйрығы бойынша салынған. Құрылыс жұмыстары 1550-1557 жылдар аралығында болған. Жоба авторы – Синан. Мұнараның биіктігі – 53 м, диаметрі – 26,5 м, күн сәулесі 136 терезеден түседі. Мешітте төрт мұнара бар. Кейбір дерек көздерінің айтуы бойынша мешіт Алтын Мүйіз шығанағына қарай баяу жылжып бара жатыр.

Мешіттің төрт мұнарасы сұлтан Сүлеймен Ыстанбұлды жаулап алғаннан кейін қатарынан төртінші падишаһ болып табылатынын, ал алдыңғы кіреберістен есептегенде алғашқы екі мұнарада екі балкон және кейінгі екі мұнарада үш балконнан, бұл оның Осман әулетінің оныншы билеушісі екенін білдіреді. Мешіт ғимаратының іші жақсы жарықтандырылған - жарық 136 терезеден түседі. Моншалар, медреселер, асүйлер, кітапханалар, ауруханалар мен обсерватория ғимараттарымен мешіт көлемі жағынан қалалық махалламен салыстыруға болатын кешенді құрайды. Сәулет кешенінің бір бөлігі VIII—XIX ғасырлардағы қолжазбаларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ірі шығыс кітапханаларының бірі Сүлеймания кітапханасы.

Мешіт ауласында зират бар; мұнда көршілес екі кесенеде Сүлейменнің өзі мен сүйікті әйелі Хүррем (Роксолана), қыздары Михримахпен бірге жерленген.

Мешіт іші.