Мазмұнға өту

Сібір мемлекеттік медицина университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сібір мемлекеттік медицина университеті
Университет атауы
Шынайы аты Государственное бюджетное образовательное учреждение высшего профессионального образования «Сибирский государственный медицинский университет» Министерства здравоохранения Российской Федерации
Жалпы сипаттамасы
Орналасуы
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігінің «Сібір мемлекеттік медицина университеті» жоғары профессияналды мемлекеттік бюджетті білім мекемесі, Сібірдің және Алыс Шығыстың алдыңғы қатардағы медицина саласындағы жоғарғы оқу орны, Томск қаласында орналасқан.

Медициналық биохимия, медициналық биофизика, медициналық кибернетика, емдеу ісі, педиатрия, фармация, салаларында мамандарды даярлайды.

1930 жылы Томск медициналық институты ретінде негізін қалаған, 1938 жылдың 16 қарашасынан бастап, 1962 жылдың 15 қаңтарына дейін В М Молотов атымен аталған.

Осы уақытқа дейін жоғарғы оқу орнынан 60 мыңнан астам дәрігерлер мен дәрішілер білім алып шыққан, 40 мың денсаулық сақтау мамандары жетілдіру айналымдарында дәрежелерін көтерген. Түлектерінің ішінде 700 дәрігер, 42 академик, 2 медицина ғылымының Академиясының президенті, 15 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, денсаулық сақтау министрі, Білім және ғылым министрлігінің министрінің орынбасары бар.

Сібір мемлекеттік медицина университеті - ресейдің медициналық жоғарғы оқу орындарының ішіндегі ең беделділерінің бірі. Ресей мемлекетінің азия жерінде медицина саласында жоғарғы білім жүйесін бастаған Александр II болды, ол 1888 жылы медицина факультеті ғана бар Императорлық Томск университетін ашты, 1918 жылдан 1930 жылға дейін 2545 дәрігер дайындалған.

1967 жылы Томск медицина университеті Қызыл Еңбек Белгі орденімен марапатталған, 1992 жылдың 28 ақпанында Ресей Федерация билігінің № 388 бұйрығымен Томск медицина университетін Сібір мемлекеттік медицина университеті ретінде түрлендірген.

Томск императорлық университетінің медицина факультетін көптеген ұлы тұлғалар бітіріп шыққан. Олардың қатарына: Н.Н. Бурденко, В.Д. Тимаков, А.И. Потапов, М.Ф. Владимирский, Н.В. Вершинин, А.А. Грацианов, С.П. Карпов, А.А. Кулябко, А.С. Ланде, В.В. Лебедев, Н.Ф. Николаевский, Н.Н. Приоров, М.Ф. Райский, А.Г. Савиных, И.А. Кассирский және тағы басқа адамдар жатады.

Осы уақытқа дейін жоға��ғы оқу орнынында бірқатар әлемге белгілі ғылым мектептері негізделген. Осылардың ішінде М. Г. Курлов атты профессор негізін қалаған терапевттердің сібір мектебі бар. Жекелей Курлов туберкулез ауруының ескерту және емдеу жүйесін ойлап табушы.

Осы жерде ұзақ уақыт бойы гистолог және эмбриолог профессор А. С. Догель жұмыс істеген. Ол әлем деңгейіндегі морфологиялық мектептің негізін салушы, Нобель сыйлығын ұсыну бойынша Әлемдік комитеттің мүшесі болып табылады.

Қазіргі уақытта оқу орнында аллергиялық аурулардың иммуногенетикасымен, иммуноэпидемиологиясымен және қан жүйесінің патофизилогиясымен, тағы да басқа зарттеулермен айналысатын алдыңғы қатардағы ғылым мектептері жұмыс істейді.

Рейтингтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ресейдің ең жақсы оқу орындары» рейтингінде («Формула Карьеры» журналы, № 3, 2003ж) барлық Ресей мемлекетінің оқу орындарының ішінде үшінші орынға шықты.

2014 жылы «Эксперт РА» агенттігі оқу орның ең жақсы білім беру мекемелерінің қатарына қосқан.

2014 жылы Ресей мемлекетінің оқу орындарының ішінде «Эксперт РА» агенттігінің нұсқасы бойынша Сібір мемлекеттік университеті үшінші орын алған.

Ректорлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • А. В. Ширшов (қаң.—жел. 1931)
  • В. Г. Крамаренко (19311932)
  • Я. А. Теплоухов (ақп.—қар.1932)
  • Тонконогов Павел Ананьевич (19321935)
  • Розет Григорий Исаевич (19351938)
  • Федотов Николай Петрович (19381939)
  • Азбукин Агафоник Павлович (19391940)
  • Владимиров Николай Прохорович (19401941)
  • Гольдберг Даниил Исаакович (19411943)
  • Жданов Дмитрий Аркадьевич (19431947)
  • Ходкевич Сергей Петрович (19471958)
  • Торопцев Иннокентий Васильевич (19581974)
  • Медведев Михаил Андреевич (19741997)
  • Новицкий Вячеслав Викторович (19972014)
  • Кобякова Ольга Сергеевна (30.05.2014 бастап)

Факультеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сібір мемлекеттік университетінің құрамында 8 факультет, 78 кафедра, 7 ғылым-білім орталықтары, 26 білім-ғылым зертханалары, И. И. Мечников, Р. Кох атындағы инфекциялық ауруларлың мәселелері бойынша Сібір орталығы, тамаша коллекциялары бар үш анатомиялық музей бар. Сібір мемлекеттік медицина университетінің факультеті (2013 жылдың 1 наурызына дейін).

  • Емдік факультет
  • Педиатриялық факультет
  • Фармацевтикалық факультет
  • Медицина-биологиялық факультет
  • Мамандардың квалификациясын және профессияналды қайта дайындықтарын жақсартатын факультет

2014 жылы оқу орны Рособрнадзор аккредициялық экспертизасын сәтті өтті, осы кезде түлектердің мемлекеттік аккредетацияның жоғарғы және орта профессияналды білім программасының кұрамы және сапасы сәйкес келетіндігі дәлелденді .

Мамандардың гинекология, неонатология, анестезиология, реаниматология салаларында квалификация жоғарлататын симуляциялық центр пайда болды.

Диплом алғаннан кейінгі жүйеге байланысты 2010-2012 жылдар аралығында 30 жаңа білім беру беру программалары ойлап табылған және іске асырылған.

Инновациялық білімді инфраструктура жасалған, хирургиядағы инновациялық технологиялардың білім центрі, медициналық тағайындаудың жұмыс орындарының оқу зертханасы іске қосылған.

2013 жылы Ресей мемлекеті үшін қайталанбас болып есептелетін менеджмент факультеті ашылған, осы факультеттің мақсаты - денсаулық сақтау билігінің жүйесіне, психологиялық көмек және халықтың қоғамдық қолдау қызметтеріне жоғары квалификациялы кадрларды дайындау.

2011 жылы «Медициналық білім-ғылым оқу порталы» проекті іске асырылған. Осы оқу орнының электронды-кітапханалық жүйесіне оқытушылар мен ғылым саласындағы әріптестер жасаған баспалардың электронды нұсқалары енгізілген.

Деректер бойынша 2014 жылы білім мекемесінің бюджетті орындарына 759 адам, ал контрактты түрге 139 адам алынған.

Ғылым және инновация

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сібір мемлекеттік медициналық оқу орны бірінші болып Ресей Федерациясы билігінің қолдауына қол жеткізді.

Оқу орнының технологияларын енгізу центрі пайда болды, осы центр фармацевтика саласында GMP стандарттарына сәйкес технологияларды енгізумен айналысты.

Сібір мемлекеттік медицина университеті РФ-ның денсаулық сақтау министрлігі қолдаған 6 ғылыми жұмысты іске асырды.

2011 жылы оқу орны «Сколкова» атты инновациялық орталықтың серіктесі атанды Білім мекемесінің ғалымдары Томск қаласындағы алғашқы регенеративті медицина саласындағы «Сколкова» атты резидент іс-шараны ашты.

2012 жылы оқу орны Томск облысындағы «Фармацевтика, медициналық техника, инновациялық технологиялар» атты программаның негізін салушылары және қатысушылары атанды.

2011 жылдан бастап Сібір мемлекеттік медицина университеті жоғарғы технологиялық медициналық көмек іске асырылатын мекемелердің қатарына қосылды.

2010 жылы оқу орнының Стомотологиялық емдік оқу орталығының жүесі бойынша стамотологиялық клиника ашылды.

2013 жылы жаңа клиникалық корпус ғимараттың құрылысы аяқталды.

Аңғартулар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Перейти к:1 2 3 Сибирский медицинский университет. Энциклопедический словарь (2009).
  • Указом ПВС СССР от 16.11.1938 Томскому Государственному медицинскому институту присвоено имя В. М. Молотова
  • Рейтинг высших учебных заведений России и стран членов Содружества Независимых Государств.
  • Федотов Николай Петрович
  • Азбукин Агафоник Павлович
  • ВЛАДИМИРОВ Николай Прохорович
  • Гольдберг Даниил Исаакович
  • Жданов Дмитрий Аркадьевич
  • Ходкевич Сергей Петрович
  • Торопцев Иннокентий Васильевич
  • Медведев Михаил Андреевич
  • Новицкий Вячеслав Викторович
  • Ольга Сергеевна Кобякова

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Официальный сайт
  • Томск от А до Я. Краткая энциклопедия города / Под ред. д-ра ист. наук Н. М. Дмитриенко. Томск: Изд-во НТЛ, 2004. 440 с.: ил. ISBN 5-89503-211-7.
  • Врачей для Арктики будут готовить в Томске
  • СибГМУ заявляет о перевыполнении на 26% плана по повышению зарплат врачей