София Вюртембергская
София Вюртембергская Sophie von Württemberg | ||
София Вюртембергская | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
7 қазан 1840 жыл — 3 маусым 1877 жыл | ||
Ізашары | Анна Павловна | |
| ||
7 наурыз 1849 жыл | ||
Ізашары | Анна Павловна | |
Ізбасары | Эмма Вальдек-Пирмонтская | |
Өмірбаяны | ||
Дүниеге келуі | 17 маусым 1818 Штутгарт | |
Қайтыс болуы | 3 маусым 1877 (58 жас) | |
Әкесі | Вильгельм I | |
Анасы | Екатерина Павловна | |
Жұбайы | Виллем III | |
Балалары | Ұлдары: Виллем, Оран ханзадасы, Морис Нидерландский, Александр, Оран ханзадасы; | |
өңдеу |
София Вюртембергская (толық аты - София Фредерика Матильда нем. Sophia Frederika Mathilde von Württemberg; 17 маусым 1818 — 3 маусым 1877) – тумысында Вюртембергская ханшайымы, үйленгеннен кейін Нидерландтың патшайым-консорты.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]София 1818 жылы 17 маусымда Штутгартта дүниеге келді. Оның әкесі Вюртемберг патшасы І Вильгельм, ал анасы ұлы князь қызы Екатерина Павловна, император І Павелдің қызы болды. Софияның анасы босанғаннан кейін қайтыс болғандықтан, оны оның тәтесі Екатерина Вюртембергская тәрбиеледі. София орыс императорлар І Александр және І Николайдың немере қарындасы және орыс императоры ІІ Александрдың, Ганновер патшасы V Георг және патшайым Викторияның бөлесі болған. Сондай-ақ ол өзінің күйеуінің жиен қызы болған; оның анасы Екатерина Павловна Анна Павловна, ІІІ Виллемның анасының туған әпкесі болған.
Софиямен Греция патшасы І Оттон және Вильгельм Брауншвегский некелесуге ынталарын көрсетті. Біріншісімен сөз байласу мүмкін болған жоқ, себебі оның әкесі Грецияның жаңа монархиясына сенімсіз болды. Екінші үміткерден де бас тартты, себебі сол кезде София сөз байланған еді.
София 1839 жылы 18 маусымда Штутгартта Оран ханзадасына (кейін Нидерланд патшасы ІІІ Виллем) тұрмысқа шығады. Жас жұбайлар Нидерландыға кетеді. Ол алдымен Плейн сарайында, ал кейін София мен Виллем патшайым мен патша атанғаннан кейін Нордейдтегі сарайында тұрады. Бұл неке сәтсіз болды. Виллем анасы, Анна Павловнаға үлкен сенім артқан және сенген. Алайда Анна Павловна ұлының және жек көрген әпкесінің қызының некесіне қарсы болды. Сондықтан ол келінінің суқанын сүйген жоқ. Сондай-ақ София күйеуінен де зиялы болып, оның сезімтал мінезін түсінген жоқ. Оның жұбайы Виллем өнер, театр мен музыканы жақсы көрсе, София жоғары деңгейде ғылым әйелі болып, тарихты жақсы білетін. Жұбайлар арасындағы түсініспеушілік Виллемнің көңілдес әйелдерге қызыға бастауына себепші болды. Патша қарамағандағылардың ойынша София патшайым-консорт емес, баласының регенті болу керек деген.
София күйеуімен ажырасқысы келді, алайда ол ойын іске асыра алмады. 1855 жылдан бастап жазғы маусымдарды жұбайлар жеке-жеке өткізетін. Виллем – Хет Лоода, ал София – Хейс-тен-Боста. Сондай-ақ София туған жерінде, Штутгартта отбасымен көп уақыт өткізген. София 1877 жылы 3 маусымда Гаагада қайтыс болады. Ол некеқияр көйлекте көмілді. Себе София оның өмірі неке құрғаннан кейін аяқталды деген ойда болды.
София ханшайымы сол кездің көптеген ғалымдары мен саясаткерлермен хат алысқан. Ол ІІІ Наполеон мен патшайым Викториямен жақсы қарым-қатынаста болды. София қайырымдылықпен көп айналысқан.
Балалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Виллем Николас Александр Фредерик Карель Хенрик (1840—1879) — Оран ханзадасы, 1849-1879 жылдары Люксембург және Нидерланд тағының мұрагері; үйленбеген, балалы болған жоқ. Парижде кезіктен қайтыс болды.
- Виллем Фредерик Морис Александр Хенрик Карель (1843—1850) — балалық шағында менингиттен қайтыс болды.
- Виллем Александр Карель Хенрик Фредерик (1851—1884) — Оран ханзадасы, 1879-1884 жылдары ағасының орнына тақ мұрагері. Үйленбеген, балалы болған жоқ. Гаагада кезіктен қайтыс болды.
Лауазымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 17 маусым 1818 – 18 маусым 1839 – София Вюртембергская ханшайымы
- 18 маусым 1839 – 7 қазан 1840 – София Нидерландская ханшайымы
- 7 қазан 1840 – 7 наурыз 1849 – София Оран ханшайымы
- 7 наурыз 1849 – 3 маусым 1877 – Нидерланд патшайымы
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Karl Prinz von Isenburg. Stammtafeln zur Geschichte der europäischen Staaten — Marburg, 1953.