Самбо
Сурет:FIAS.gif International Federation of Amateur Sambo | |
Sambo | |
---|---|
Also known as | Sombo, Cambo |
Focus | Grappling |
Country of origin | КСРО |
Creator | Viktor Spiridonov, Vasili Oshchepkov, Anatoly Kharlampiev |
Olympic Sport | never |
Самбо (орыс. самозащита без оружия – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) — Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «"сам(ооборона)", "б(ез) о(ружия)" деген сөз шығады (орыс тілінде).
Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар.
Бүгінде ойын шартында қорғану мен шабуыл жасаудың мыңдаған әдісі бар. Мысалға, әзірбайжандық "гюлеше", армяндық "кохе", қазақ "күресі", молдаваша "трынте", тәжіктің "гуштингири", түркменнің "гореше", грузинше "чидаоба" және өзбекше "күреш" деген түрлері жиі қолданысқа ие. Барлығына ортақ талап киім үлгісі мен белдегі белбеу.
Ойынның ортақ ережелерін қалыстастырған маман - Василий Сергеевич Ощепков. Ол Токио қаласындағы дзюдо орталығынан білім алған. Жиырмасыншы жылдың орта шенінде В. Ощепков Қиыр Шығыста, кейіннен Новосібір қаласында қорғану түрлеріне баулитын арнайы секция ашқан. Мәскеудегі денешынықтыру институтында сабақ беріп жүрген В. Ощепков жинақтаған тәжірибесінің арқасында И.В. Васильев, Н.М. Галковский, Р.А. Школьников, А.А. Харлампиев, Б.А. Сагателян деген атақты спортшыларды дайындады.
Самбо дәстүрін ары қалай жалғастырғандардың бірі - В.А. Спиридонов. Ол "Динамо" спорт кешенінде жұмыс істеп жүріп, алғаш рет 1928 жылы "Самозащита без оружия" деген кітап жазып шықты.
1966 жылдан бері самбо халықаралық дәрежеге қол жеткізіп, Халықаралық әуесқойлар спортшылар федерациясының (ФИЛА) тізіміне ілікті.
1972 жылы Еуропа чемпионатының тұңғыш ашық біріншілігі басталды. Сегіз салмақ категориялары бойынша алғашқы додада Кеңес Одағының спортшылары шыңды бағындырса, Жапонияның намысын қорғаған екі спортшы жақсы өнер көрсете білді. В. Кюлленен, А Хош, К. Герасимов, В. Невзоров, А. Федоров, Ч. Езерскас, Н. Нисинаки, Н. Сато, С. Новиков, В. Кузнецов Еуропаның алғашқы Еуропа чемпиондары атанды.
1973 жылы Иранның Тегеран қаласында I әлем чемпионаты өтті. КСРО құрамасы онда 9 алтын мен 1 күміс жүлдені қанжығаларына байлады. Онда Г. Георгадзе, А. Шор, М. Юнак, Ш. Чанрав (Моңғолия), Д. Рудман, А. Федоров, Ч. Езерскас, Л. Тедиашвили, Н. Данилов, В. Кливоденко чемпион атанды.
1985 жылы Испанияның Бильбао қаласында өткен конгресте самбодан халықаралық әуесқойлар федерациясы (ФИАС) ресми түрде тіркелді. Бүгінде ФИАС-қа әлемнің 40 мемлекеті мүше. Америкалық, еуропалық және азиялық федерациялар да құрылған. Жыл сайын самбодан әйелдер мен ерлер арасында, командалар арасында әр түрлі салмақта әлем чемпионаты мен әлем біріншіліктері өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, командалық әлем кубогы, Еуропа және Азия чемпионаты мен біріншілігі, студенттер арасында әлем чемпионаты тағы басқалары.
Бүгінгі таңда Халықаралық Олимпиада комитеті самбоны Олимпиада ойындары бағдарламасына бекіту туралы мәселені қарастыруда.
[1][2]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Sambo |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Пайдаланылған cілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Самбо халықаралық федерация Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2013 жылы.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |