Мазмұнға өту

Плацебо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Плацебо (лат. placebo — сауығамын) — қандай да бір дәрі деп тағайындалатын анық емдік қасиеті жоқ препарат. Плацебоны ішкізгенде науқастың сол дәрі-дәрмекке деген сенімінің арқасында физиологиялық не психологиялық оң өзгерістер пайда болады.

Плацебо-эффект дәрі қабылдау фактісінің өзінің психотерапевтік әсер-әрекетін көрсетеді және жаңа препараттың емдік әсеріне иландырудың қатыстылығы дәрежесін анықтау қажет болғанда қолданылады. Бұл орайда сыналушылар тобына жаңа құралмен емдейміз деп хабарланады да, бұдан соң топтың жартысына плацебо беріледі. Екі кіші топ бойынша нәтижелерді салыстыру дәрінің шын мәніндегі нәтижелілігі туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Плацебо-эффект, сондай-ақ психотерапияда психологиялық міндеттерде пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6