Мазмұнға өту

Зиялылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Зиялылық, зияткерлік, интеллигенттік (ағылшынша іntellectualіsm, французша іntellectualіsme, немісше іntellectualіsmus) – адамның жоғары мәдениеттілігінің, ақыл-парасаты мен адамгершілік қасиеттерінің жиынтығын білдіретін ұғым. Зиялы тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды тарихи тұрғыдан түйсініп, бағалай білуінен, әлемдік және ұлттық мәдениет туындыларын талғампаздықпен белсенді игеруінен, бойындағы махаббат, ізгілік және әділеттілік сезімдерінің молдығынан, басқа жанға, жалпы адамзат баласына сүйіспеншілігінен, өзінікінен өзге ой-пікірге төзімділігінен, т.б. қасиеттерінен аңғарылады; қара Интеллигенция.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы,4 том 3 бөлім