Мазмұнға өту

Жорын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
ЖОРЫН

Жорын, хамеродос (Chamaerhodos) – раушангүлділер тұқымдасына жататын екі және к��п жылдық шөптесін кейде бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, ормандарда, өзен бойларында, құмды жерлерде өсетін 4 түрі (Алтай жорыны, Жоңғар жорыны, құм жорыны, түзу жорыны) бар. Бұлардың биіктігі 5 – 60 см, тамыры жуан, жайылып өскен қатты бұтақтары болады. Жиегі тілімденген жапырақтары өркенге кезектесе орналасады. Тостағанша жапырақшалары түспейді, күлтесі бесеу, ұзындығы тостағаншамен бірдей немесе сәл ұзынырақ, ақ не қызғылт түсті. Гүлдері ұсақ, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы тықыр. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"