Мазмұнға өту

Глокализация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Глокализация — глобализация (жаһандану) мен локализация (жергіліктену) терминдерінен құралған құйылысқан сөз және неологизм. Бұндағы сөз құраушы қос терминді қарама-қайшы ұғым ретінде емес, бірін-бірі толықтыратын үдеріс ретінде түсіну қажет.

Глокализация — әртүрлі бағыттағы үрдістердің қатар жүруімен сипатталатын экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың процесі: жаһандану аясында аймақтық ерекшеліктердің күтілетін жойылуының орнына олардың сақталып, күшеюі орын алады. Құйылысып кету және унификация орнына басқа бағыттағы құбылыстар күшейеді: сепаратизм, жергілікті өзгешеліктерге қызығушылықтың артуы, баяғы заманның дәстүрлері мен диалекттердің жандануы. Глокализация әлемдегі жаһандану үрдістерінің әсерінен жергілікті немесе аймақтық деңгейде туындайтын процесстерді білдіреді.