Войнич қолжазбасы
Войнич қолжазбасы (ағылш. Voynich Manuscript) — шамамен 600 жыл бұрын белгісіз автормен белгісіз тілде белгісіз әліппені қолдану арқылы жазылған құпия сырға толы кітап.
Радиокөміртекті анализдің нәтижесіне сәйкес бұл қолжазбаның 1404 жыл мен 1438 жылдың аралығында жазылғандығы бегілі болды. Қолжазбада қарлығаш құйрығы үлгісімен жасалған ұштары бар қамал қабырғасы бейнеленген шындыққа сай келетін тек қана бір қаланың суреті бар. XV ғасырдың басында бұндай ұштар тек Солтүстік Италияда кездесетін еді (уақыт өте келе көбірек кездеседі)[1].
Войнич қолжазбасының шифрын ашу әрекеттері бірнеше рет қолға алынып, еш нәтиже берген жоқ. Бұл қолжазба криптографияның «Қасиетті Грааліне» айналды, бірақ оның мистификация мен еш байланысы жоқ белгілердің жинағы болып шығуы мүмкіндігін де назардан тыс қалдырмау керек.
Кітап оны 1912 жылы сатып алған Каунас қаласынан шыққан библиофил Вилфрид Войничтың есімімен аталған (ол белгілі жазушы Этель Лилиан Войничтің күйеуі). Қазір ол Йель университетінің Бейнекенің сирек кездесетін кітаптар кітапханасында сақтаулы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — әдебиет туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |