Антонин Пуч
Көрініс
Антонин Пуч | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лақап аттары |
Тоник[1] | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайтыс болған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Антонин Пуч (чех. Antonín Puč; 16 мамыр 1907 жыл[2], Йинонице (Прага), Богемия, Аустро-Мажарстан — 18 сәуір 1988 жыл, Прага, Чехословакия) — чехословакиялық футболшы, шабуылшы. 1934 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.
Чехословакия құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 1926 жылы өткізді. 1934 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бес кездесуде алаңға шықты да, екі доп соқты. Соның бірін финалда Италияның қақпасына соғып, есеп ашты. Бірақ чехословактар 1:2 есебімен ұтылып қалды.
1939 жылы Чехословакияны Германия жаулап алды да, құрама 1945 жылға дейін "Богемия және Моравия құрамасы" деп аталды. Пуч осы құраманың сапында 1939 жылы бір кездесу өткізді.
Карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ӘЧ-1934 күміс жүлдегері
- Чехословакия чемпионы (8): 1925, 1928/29, 1929/30, 1930/31, 1932/33, 1933/34, 1934/35, 1936/37